Bulletin of Surgery of Kazakhstan
№1 (2021)
№1 (2021)
Такролимус қолдануы иммуносупрессивті терапия бүйрек трансплантациясының негізгі әдістерінің бірі бо-лып табылады. Техникалық тұрғыда жақсы орындалған операция кезінде трансплантаттың қанағаттанарлық функциясының сақталуы және қызмет етуі көп жағдайда иммунологиялық факторларға байланысты. Бұл ретте қазақ популяциясындағы пациенттердің бүйрек реципиенттерін иммуносупрессивті терапиясына отаға дейінгі және отадан кейінгі кезеңдерде дербес көзқарас туралы мәселе туындайды. CYP3A5 генетикалық полиморфизмі такролимус концентрациясына әсер ететін және қазақ популяциясындағы бүйрек реципиенттерінде такролимустың оңтайлы дозасын болжауға ықтимал қабілетті маңызды буын болып табылады. Біз CYP3A5 генетикалық полиморфизмінің болуына бүйректің 80 реципиенттерін зерттедік. Зерттелген барлық науқастар этникалық популяциялардан таңдалды. Реципиенттердің жалпы санынан: 37-ерлер және 43-әйелдер. Орташа жасы 37±8 жыл болды. Барлық зерттелген науқастарға бүйрек трансплантациясы жасалды. Индукция базиликсамаб немесе анти-тимоцитарлық глобулин (АТГ) қолдану арқылы жүргізілді. Иммуносупрессивті режим такролимус + микофенол қышқылы + стероидтер болды. Отадан кейінгі кезеңде такролимус концентрациясының 2,5,7,10 және 14 күндердегі өзгерісі зерттелді.
такролимус, бүйрек трансплантациясы, генетикалық полиморфизм
Зерттеу мақсаты. Қатерсіз түйінді жемсау кезіндегі отаның көлемін анықтауды таңдаудағы дифференциал-ды тәсілдемені негіздеу және бекіту.
Материалдар мен әдістер. Қалқанша безіне ота жасатқан 180 науқасқа проспективті талдау жүргізілді. Оның ішінде – 20-65 жас аралығындағы 11 (6,1%) ер адамдар және 169 (93,9%) әйелдер. Науқастардың ауру ұзақтығы – 8 айдан 12 жылға дейін. Қатерсіз токсикалық емес жемсауы бар науқастарлың барлығы қан сарысуындағы ҚБ гормондары деңгейінің өзгерістерін мұқият бағалаудан, қалқанша безінің УДЗ-сынан, қалқанша безінің аспирациялық биопсиясынан өтті.
Нәтижелер: Зертханалық зерттеу кезінде қатерліліктің жоғары деңгейі ТТГ және АТ, ТГ және АТ, ТПО жоғары деңгейі бар науқастарда байқалды. Т3 және Т4 мәндерінде нақты айырмашылық анықталған жоқ. УДЗ зерттеу кезінде қатерсіз түйіндерге қарағанда, қатерлі түйіндердің орташа және макси-малды диаметрі едәуір аз болды (1,99±1,88 см; р<0,001). Субтоталды, тоталды және гемитиреоидэктомия ретінде сипатталған хирургиялық шаралар арасындағы айырмашылық статистикалық маңызды болды. Науқастардың 128-інде (71,1%) түйіндер бір бөлікте, науқастардың 68-інде (37,8%) көптеген түйіндер болған, ал 52 (28,9%) науқаста қалқанша безінің бір бөлігінде жеке түйіндер болды. Интраоперациялық кезеңде 68 (37,7%) науқастың қалқанша бездерінің жойылған тіндеріне цитоморфологиялық зерттеу жүргізілді. 57 (31,6%) науқасқа гемитиреоидэктомия жасалды. 78 (43,3%) науқасқа субтоталды тиреоидэктомия, ал 45 (25%) науқасқа тоталды тиреоидэктомия орындалды. Гематоманың даму-ына байланысты тоталды тиреоидэктомиядан кейін бір науқасқа, гипопаратиреоз тиреоидэктомиядан кейін 2 (4,4%) науқасқа, субтоталды тиреоидэктомиядан кейін 1 (1,3%) науқасқа қайтадан операция жасалды. 3 науқаста тиреоидэкто-миядан кейін көмейдің транзиторлық жарасы пайда болды. Гемитиреоидэктомиядан кейін 14 (24,6%), субтоталды тире-оидэктомиядан кейін 50 (64,1%) және тиреоидэктомиядан кейін 45 (100%) науқаста гипотиреоз дамыды.
Қорытынды. Оталық араласудың шешімі отаның тактикасын таңдауға қатысты саралануы тиіс.
тиреоидэктомия, субтоталды тиреоидэктомия, гемитиреоидэктомия, гипотериоз
Өзектілігі: Өкпенің қатерлі ісігі барлық онкологиялық аурулардың арасында өлім-жітім және аурушаңдық бойынша көш бастап тұр. 2018 жылы әлемде ӨҚІ-нің 2,094 млн жаңа жағдайы тіркелді, осы патологиядан көз жұмғандардың саны 1,8 млн-ға жетті.
Зерттеудің мақсаты: хирургиялық араласу көлеміне байланысты өкпенің қатерлі ісігін хирургиялық емдеудің тиімділігін бағалау.
Материалдар және әдістер: Мақалада 2014-2018 жылдар аралығында Алматы Онкология орталығының хирургия бөлімшесінде өкпенің қатерлі ісігі бой-ынша ота жасалған 137 науқасқа ретроспективтік талдау жасалғаны туралы ақпарат қамтылған. Мәліметтер базасы Microsoft Excel бағдарламасы арқылы жасалды. Материалды статистикалық өңдеу IBM SPSS Statistics 19 (trial-нұсқа) мәліметтерді математикалық өңдеу пакетінің көмегімен жүзеге асырылды. Өмір сүру деңгейі емдеу басталған күннен бастап кез келген себеп бойынша орын алған өлімге дейін немесе науқасты соңғы бақылау күніне дейін есептелді. Ақпарат жинау 2019 жылғы 1 қаңтарда аяқталды.
Нәтижелер: Науқастардың көпшілігінде (137-нің 91, 69,3%) IIb-IIIb сатылары деп бағаланған жергілікті кең таралған процесс болды. 21,1% жағдайда аурудың локализацияланған формалары деген диагноз қойылды. R0 резекцияға науқастардың 83,9%- ы, R1 – 13,1%, R2 – 2,9% жетті. Ота жасалған науқастар арасындағы өлім-жітім 5.8%-ды құрады. Бір жылдық өміршеңдік: лобэктомия – 70% SE4, сегментарлық резекция – 87% SE9, бронхопластикалық, лобарлық ре-зекция – 79% SE8, пневмонэктомиядан кейін – 67% SE10. Өмір сүру медианасындағы статистикалық сенімді айырмашылық: χ2 = 9,7, р = 0,045.
Қорытынды: Осылайша, біз ота көлемі қауіп-қатер факторы деп санаймыз. Ағзаны сақтау оталары барынша азайтылуы керек, өйткені біз біз алған мәліметтер мен әдеби деректер осын-дай оталар кезіндегі бір жылдық өлім-жітімнің жоғары деңгейін және бес жылдық өміршеңдіктің төмен деңгейін көрсетеді.
өкпе обыры, өкпе обырын хирургиялық емдеу, лобэктомия, пневмоэктомия, sleeve лобэктомия, сегменэктомия
2015-2019 жж. аралығында 32 науқасқа операция жасалды: ахилл сіңіріндегі ескі зақымдануларға байланысты 15-65 жас аралығындағы 14 ер адамға және 18 әйелге. Барлық жағдайда дұрыс диагноз жарақаттан кейінгі бір айдан ерте емес мерзімде қойылған және барлық жағдайда ультрасонография әдісі арқылы нақтыланған. Ұшын-ұшына тігу арқылы ахилл сіңірін V-Y-ұзарту хирургиялық техникасы қолданылды. Ахилл сіңірінің тері астындағы үзілулері бар науқастарға 1 айдан 3 айға дейінгі мерзімде операциялық араласу жүргізілді. Отадан кейінгі кезеңде науқастарды бақылау мерзімі 6 айдан 10 жылға дейінгі мерзімді қамтыды (орташа бақылау мерзімі 1 жыл 7 ай). Отадан кейінгі кезеңде бақылау мерзімі 6 айдан 19 жылға дейінгі мерзімді құрады. 3 (10%) науқаста операциядан кейінгі жараның шеткі некрозы дамыды, бір науқаста сіңір тігісінің аймағында ахилл сіңірінің қайталама үзілуі орын алды, тағы бір науқаста 14 тәулікте инфекциялық асқыну дамыды. Табан иннервациясының бұзылысы анықталған жоқ.
ахилл сіңірінің үзілуі, ультрадыбыстық зерттеу
2019 жылғы қыркүйек және 2020 жылғы желтоқсан аралығында «А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хи-рургия орталығы» АҚ-да гинекология бөлімшесінің күндізгі стационарында емделіп жатқан 104 әйелдің кешенді клиникалық-аспаптық тексеру нәтижелеріне талдау жүргізілді. Бедеуліктің түрлі формалары бар әйелдердегі жатырішілік патология кезінде биполярлы «мини» резектоскопия технологиясының тиімділігін бағалау мақсатында 104 науқас тексерілді, олар екі топқа бөлінді: 1 топ – бастапқы бедеулігі бар науқастар (41);2 топ – қайталама бедеулігі бар науқастар (63). Зерттеуге 21 жастан 45 жасқа дейінгі әйелдер қатысты, науқастардың орташа жасы 31,5 жасты құрады. Барлық науқастардың негізгі шағымы – 1-10 жыл бойы тұрақты жыныстық қатынаста жүктіліктің болмауы. 61 әйелде менструальдық циклдің бұзылуы байқалды, бұл 59%-ды құрады. 104 әйелдің клиникалық-анамнестикалық деректерін талдау науқастардың 40,0%-ында бастапқы бедеуліктің, ал 59% -ында қайталама бедеуліктің бар екенін көрсетті. Мини гистерорезектоскопияны (ГТС) жүргізгеннен кейін бастапқы және қайталама бедеулігі бар әйелдерде жатырішілік патологияның ең төменгі пайызы эндометриялық гиперплазия (0,9%) және жиі немесе толық жатырішілік септумдар (0,9%) болды. Науқастардың 3,2%-ына субмикозды жатыр миомасы диагнозы қойылған, ал 12% жағдайда жатыр ішілік синехия болған. Науқастардың басым бөлігінде созылмалы эндометрит (45%), эндометрия полипі (38%) патология-лары кездесті. Осылайша, зерттелген топтарда біз мини ГТС-тен кейін бедеуліктің түрлі формалары бар әйелдердегі жатырішілік патологияның жиілігін анықтадық. Резекциясы бар биполярлы мини гистероскопияның барлық хирургиялық манипуляциясы 43,2% жағдайда анестезиясыз және 56,8% жағдайда жергілікті анестезия арқылы жүргізілді.
мини гистерорезкетоскопия, жатырішілік патология
Кеңірдек және бронхтардың зақымдануы көбінесе ауыр жарақат немесе кеуде қуысының қысылуы нәтижесінде пайда болады. Біз күрделі және сирек кездесетін оң жақ бронхтың жарақаттан кейінгі тыртықты тарылуының хирургиялық емдеу жолын сипаттаймыз. Бұл мақалада науқасты жүргізу және диагноз қою барысы, ота кезеңдері сипатталған және хирургтарға ұсыныстар берілген.
тыртықты тарылу
Бүгінгі таңда, заманауи технологиялар ғасырында репродуктологиядағы жетістіктерге және қосалқы репродуктивтік технологиялар (ҚРТ) әдістерінің жетілдірілуіне қарамастан, бедеулік некенің жиілігі тұрақтанып қана қоймай, популяцияда 25-30%-ға жетіп, жылдан жылға ұлғаюда. Түтікті-перитонеальді бедеулік жүктіліктің болмауына әкелетін түрлі факторлардың пайда болу жиілігі бойынша жетекші орындардың бірінде орналасқан. Бедеулік кезіндегі әйел факторы 40%-ды құрайды, еркек факторының үлесі 40% жағдайға байла-нысты, ал басқа жағдайлардағы бедеулік кезінде әйелде де, еркекте де аралас фактор бар. Осыған байланысты жаңа әдістерді іздеу және оларды жетілдіру, сондай-ақ бедеулікті емдеу құнын төмендету өте өзекті мәселе деп саналады. Фаллопиялық түтіктердің қабыну зақымдануы - бедеуліктің негізгі себебі. Фаллопиялық түтіктердің зақымдалуымен жүретін созылмалы қабыну процесінің нәтижесінде түтікті-перитонеальды бедеуліктің даму қаупі жоғары. Созылмалы қабынуы бар әрбір бесінші әйел бедеуліктен зардап шегеді, ал олардың 70%-ының жамбас аймағында адгезия процесінің төртінші дәрежесі бар, мұндай жағдайда фаллопиялық түтіктердің зақымдануы тіпті хирургиялық емдеу арқылы да қалпына келмейді. проксимальді кедергісі, селективті гистеросальпин-гография, жатыр түтіктердің.
бедеулік, түтікті-перитонеальді фактор, жатыр түтіктерінің проксимальді кедергісі, селективті гистеросальпин-гография, жатыр түтіктердің транскатетерді реканализа-циясы
Заманауи медицина қарқынды ілгерілеу үстінде, дегенмен осы жетістіктердің барлығына қарамастан, сепсистің анықтамасын, ұғымдарын, нақты өлшемшарттарын іздеу мәселесі өзектілігін жоймай отыр. Сепсис өз табиғатынан ажал құштыратын сырқат. Сепсисі бар науқастардың айқын көрінетін биологиялық және клиникалық гетерогенділігі: жас, преморбидтік фон, қабылдайтын дәрі-дәрмектер, жұқпалы аурудың түрлі көздері патологиялық процестің басталуы мен ағымының жоғары түрленгіштігін қалыптастырады. Сепсистің жаңа анықтамалары бұл құбылыстың клиникалық көріністерін қайта қарауға назар аударылып, негізгі диагностикалық белгі ретінде органдық дисфункцияның маңыздылығын атап өтті. Науқастағы түсініксіз органдық жеткіліксіздік сепсистің даму мүмкіндігіне қатысты дәрігерді алаңдатуы тиіс. Өзгерістерге біз қаншалықты жылдам әрекет ете алсақ, соңғы нәтижеге әсер ететін терапияны да дұрыс тағайындай аламыз. Миелоидты супрессорлық жасушалар (МС) деп аталатын лейкоциттердің субпопуляциясына үлкен қызығушылық туындап отыр. МС көптеген патологиялық жағдайлардағы иммундық жауаптың реттелуіне қатысады, олардың ішінде кеңінен зерттелгені – қатерлі ісік. МС-ны жан-жақты шолуларда қатерлі ісік, аутоиммунитет және жұқпалы аурулардың контексінде талқыланады. Қызығы, соңғы деректер бойынша МС сепсис кезінде бақыланатын иммундық дисфункцияларға қатысады деген болжам бар.
сепсис, миелоидты супрессорлық жасушалар
Жұмыстың мақсаты- қант диабетінің кешенді шипажайлық емінде минаралды судың пайдасын анықтау. Мақалада қант диабетінің әлемде және Қазақтанда таралуы туралы ақпарат берілген. Қант диабетінің қазіргі таңда медицинаның өзекті проблемаларының бірі екені көрсетілген. Жұмыстың ғылыми жаңалығы минералды сулардың құрамындағы макро- және микроэлементтерді, олардың қан құрамына әсерін, сондай-ақ организмнің күйін әр түрлі механизмдер арқылы басқара алу қабілеттерін зерттеу тәсіліне негізделген. әрекет. Мақалада минерал-ды суларды пайдаланған кезде дененің әртүрлі жүйелері мен механизмдерінің активтену процесіне баса назар аударылған.
2 типті қант диабеті, қант диабетінің таралуы, минералды су, кешенді емдеу Реметова А. А
© Bulletin of Surgery of Kazakhstan
All rights reserved.
Republic of Kazakhstan
Email: editor@bsk.kz