Көрсету  №2 (2020)

Bulletin of Surgery of Kazakhstan

№2 (2020)

Статьи

  • 1. Қатерлі ишемиясы бар науқастарға жанама реваскуляризациялық аймақтық қанайналым стимуляциясының кейбір аспектілері

    Дж.В. Косаев, Н.С. Абушов, И.Л. Намазов, Н.И. Бабаев
    5–11
    Аңдатпа

    Мақсаты: Артерияның дисталды стено-окклюзиялы фонындағы аяқтардың қатерлі ишемиясы (АҚИ) бар науқастардағы жанама реваскуляризацияның регионарлы қанайналым стимуляциясы ерекшеліктерін зерттеу. Зерттеу

    Материалдар және әдістері. Артерияның дисталды стено-окклюзиялық фонында АҚИ-ы бар 210 науқасқа зерттеу жүргізілді. 48 науқасқа стандартты ем (бақылау тобы) жүргізілді. Регионарлы қанайналым стиму-ляциясы 42 науқасқа (РОТ) (І топ) реваскуляризациялық остеотрепанация (РОТ) (І топ), 51 науқасқа - бел симпатэк- томиясы (БСЭ) (ІІ топ), 38 науқасқа – БСЭ+РОТ (ІІІ топ), 31 науқасқа сүйек кемігі ішілік лазерлік сәулелендірумен модификацияланған (СКЛС пен РОТ) (ІV топ) стандартты операциясы жасалды. Мынадай артериялық және веноздық қанайналым көрсеткіштері анықталды: реографиялық индекс (РИ), тақым артериясындағы қанның желілік жылдамдығы (ҚЖЖ), түрегеп тұрғандағы және жатқандағы регионарлы систолалық қысым (АСҚ), регионар-лы систолалық қысым градиенті (АСҚГ), түрегеп тұрғандағы және жатқандағы постокклюзиялық веноздық қысым (ПОВҚ), посткокклюзиялық веноздық қысым градиенті (ПОВҚГ), түрегеп тұрғандағы және жатқандағы веноздық-артериялық индекс (ВАИ). Сондай-ақ табанның дисталды бөлігіндегі теріні оттекпен сатурациялау (ТОС) зерттелді. Регионарлы артериялық және веноздық қанайналым параметрлері 48 дені сау тұлғалардың («референс тобы») сәйкес параметрлерімен салыстырылды.

    Нәтижелері: емханаға түскен науқастарда регионарлы макро- және микрогемодинамиканың артериялық және веноздық бөлімінің күрт бұзылысы бар екені анықталды. Бастапқы деректермен салыстырғанда, реваскуляризацияның жанама әдістері регионарлы қанайналымды нақты мобилизациялайды, созылмалы ишемия дәрежесін төмендеді, клиникалық мәртебесі бірқалыпты және айтарлықтай жақсарған науқастардың саны артқаны байқалды. Статистикалық талдау артериялық және веноздық қанайналымның мобилизациясы стимуляция әдісіне ( р<0,05 -0,001) тікелей байланысты. Науқастардың І және ІІ тобында әлсіз корреляциялық байланыс (r=0,3), науқастардың III және IV тобында бірқалыпты корреляциялық байланыс ( r=0,5-0,6) анықталды. РИ, ҚЖЖ және ТОС көрсеткіштерін нақты нивелирлеу (р<0,05 -0,001) науқастардың І тобындағы әлсіз (r=0,3) корреляциялық және науқастардың ІІ, ІІІ, ІV тобындағы бірқалыпты ( r=0,4-0,6) корреляциялық қанайналым стимуляциясы әдісіне байланысты. Осындай оң нәтижелер СКЛС арқылы РОТ операцияларын өткерген науқастарда көбірек байқалды. Түйін: Артерияның дисталды стено-окклюзиясы кезінде АҚИ-ы бар науқастарға операция жасау мүмкін емес болған жағдайда, өмір сапасын жақсартатын, аяқтардың тірек қызметін сақтауға көмектесетін (р<0,05-0,001r=0,3-0,4-0,5-0,6) жанама реваскуляризация әдістері арқылы перифериялық қанайналымның стимуляциясы негізгі әдіс болып саналады. ясы, аяқтардың қауіпті ишеми-ясы, регионарлы гемодинамика стимуляциясы, жанама реваску.

    Кілт сөздер

    артерияның дисталды окклюзи-ясы, аяқтардың қауіпті ишеми-ясы, регионарлы гемодинамика стимуляциясы, жанама реваску-ляризация

  • 2. Қол саусақтарының дисталды бөлігінің «MALLET FINGER» жарақатына алып келетін патологиясын емдеу шарасы

    M.I. Muradov, K.B. Muhamedkerim, A.A. Baiguzeva, D.Zh. Koshkarbayev, K.E. Kazantayev, B.K. Kalan
    12–14
    Аңдатпа

    Бүгінгі күні қолдың және саусақтардың зақымдануы тірек-қимыл аппаратының зақымдануы ішіндегі басым бөлігі болып табылады, бұл өмір сүру қарқынының жоғарлауына байланысты. «MALLET FINGER» түрінің зақымдануы («балға тәріздес деформация») қолдың барлық жарақаттарының арасында көбінесе 1,5-3% -те кездеседі. Бұл проблеманың өзектілігі еңбекке қабілетті тұрғындар арасында жарақат алу жиілігінің артуымен ғана емес, соны-мен қатар олардың адамдар мен қоғам үшін салдарының өзектілігімен де байланысты.

    Кілт сөздер

    жарақат, қол, жазғыш сіңір, балға тәріздес деформация, емдеу шарасы

  • 3. Тірі донор бауыр транспланатциядан кейінгі аностомоздық стриктуралардың емi

    Y.B. Abdirashev, N.M. Abdiyev, M.O. Doskhanov, A.S. Skakbayev, A.M. Basymbekov
    15–20
    Аңдатпа

    Бауыр трансплантациясы — бауыр циррозының ауыр сатысындағы жалғыз емдеу тәсілі болып табы-лады. Науқастар менеджменті мен ота методиканысының жетілдіруідің арқасында науқастардың өмір сүруі 1 жылға дейін 90 %-ды, ал 5 жылға дейінгі өміршеңдігі 80 %-ды құрайды. Алайда трансплантация-дан кейінгі асқынулар, реципиенттердің ауруына және өліміне негізгі себебі ретінде қалып отыр. Транс-плантациядан кейінгі өт жолдары стриктурасы дамуының негізгі себептері мынадай көрсеткіштерге бай-ланысты: 1. Трансплантаттың түрі. 2. Анастомоздарды салу үшін жүргізілетін өт жолдарының түрі мен санына, оның ішінде тірі донордан бауыр трансплантациясы. 3. Анастомоздың түрі (билио-биллиарлы немесе гепитикоеюноанастомоз). Операциядан кейінгі асқынулар көбінесе тірі донор трансплантаци-ядан кейін жасалған науқастарда кездеседі. Өйткені тірі-донордан алынған бауыр трансплантатында өт жолдарының калибрі кіші. Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, мәйіттік донордан алынған бауыр трансплантациясынан кейінгі өт жолы жүйесінің асқынуы 5-15%-ды құраса, ал тірі донордан 38%-ға дейін жетеді. Соның ішінде тірі донорлардан бауырының оң бөлігін алған кездегі асқынулар 24%-дан 60%-ға дейін түрленеді. Сқақбаев Айдар Серикұлы – Хирург; Гепатопанкреатобилиарлы хирургия және бауыр трансплантация бөлімі;dr.skakbayev@gmail.com Басымбеков Ахан Мустафұлы –Хирург; Шұыл хирургия қабылдау бөлімі; ahan.mustafaevich@mail.ru.

    Кілт сөздер

    механикалық сарғаю, өт қабы жолының төмен қосылуы, холе-дохолитиаз АВТОРЛАР ТУРАЛЫ Абдиев Нуркен Махамашұлы – хирург-эндоскопист, Эндоскопия и функциональді диагностика бөлімі

  • 4. Ұзартылған QT синдромы бар пациентте кенеттен болатын жүрек өлімін екінші реттік алдын алу

    Ә.Қ. Баимбетов, К.Ә. Бижанов, Б.А. Байрамов, І.Е. Сағатов
    21–25
    Аңдатпа

    Туа біткен ұзартылған QT интервалы синдромы (ҰИСQT) пациенттерді синкопальды күй, қарыншалық аритмия және кенеттен болатын жүрек өліміне әкеп соқтыратын жүректің калий және на-трий каналдарындағы тұқым қуалайтын ақауларға байланысты қарыншалардың аномалды созылма-лы реполяризациясы деп сипатталады. Туа біткен ҰИСQT бар пациенттерде кенеттен болатын жүрек өлімін алдын алуда ерте диагностика және профилактикалық емдеу маңызды рөл атқарады. Туа біткен ҰИСQT-тің диагностикалық критерийлері электрокардиографиялық деректерге, клиникалық дерек-терге және адреналиннің тест нәтижелеріне негізделеді. Жақында генотипке тән туа біткен ҰИСQT электрокардиографиялық паттерн сипатталды. Таяуда жүргізілген зерттеулер бойынша, ҰИСQT-тың генотип-спецификалық емі жүзеге асырылады. Сондай-ақ болашақта мутацияға бейім емдеу осы потенциалды қауіпті синдромды емдеудің жаңа әдісіне айналады. Біз ұзартылған QT синдромы бар, электрокардиографиялық және клиникалық диагностикалық критерийлер арқылы расталған клиникалық жағдайды ұсынамыз. Бұл жағдайда пациетке кенеттен болатын жүрек өлімін екінші реттік алдын алу үшін кардиовертер-дефибриллятор имплантталған. Пациентте кенеттен болатын жүрек ұстамасы, та-лып қалу байқалған. Имплантталған дефибриллятор өмірге қауіпті қарыншалық тахикардиядан құтқару терапиясын жүргізеді. Сағатов Іңкәр Ерғалиұлы – А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының ғылыми-зерттеу менеджменті бөлімінің басшысы.

    Кілт сөздер

    аритмология және эндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің дәрігері

  • 5. Бүйрек тастары кезінде емдеудің кіші инвазивті әдістерінің тиімділігіне салыстырмалы талдау жүргізу

    Д.Е. Мәми, М.К. Алчинбаев, Д.И. Сенгирбаев, М.А. Малих
    26–28
    Аңдатпа

    Несеп-тас ауруы әлемдегі денсаулық сақтаудың өзекті мәселесі болып табылады, өйткені ең көп таралған аурулардың бірі болып табылады. Сондықтан нефролитиазы бар науқастарды емдеудің тиімділігі мен қауіпсіздігін арт-тыратын факторларды зерттеу урологияның маңызды міндеті болып табылады. Бұл мақалада нефролитиаз кезіндегі ретроградты пиелолитотрипсия (РПЛ) және перкутанды нефролитотрипсия (ПНЛТ) сияқты кіші инвазивті әдістер тиімділігінің салыстырмалы талдауы келтірілген.

    Зерттеудің мақсаты. Бүйрек тастары кезінде емдеудің кіші инвазивті әдістерінің тиімділігіне салыстырмалы бағалау жүргізу.

    Материалдар мен әдістер. Зерттеу барысында біз бүйрек та-стары бар 109 науқасты іріктеп алдық, олар 2017-2018 жылдар аралығында Урология ғылыми орталығында жатқызылды. Оның ішінде 54 (49,5%) ерлер және 55 (50,5%) әйелдер болған.

    Қорытынды: бүйрек тастары бар пациенттерді ем-деу нәтижелеріне жүргізілген салыстырмалы талдау ретроградты пиелолитотрипсия (РПЛ) өзінің тиімділігі бойынша перкутанды пиелолитотрипсиядан (ПНЛТ) кем түспейтінін көрсетті. Ота кезіндегі және отадан кейінгі асқынулардың пайызы ПНЛТ әдісі кезінде РПЛ әдісіне қарағанда жоғары. ПНЛТ тиімділігі отадан кейін бірден 76,5% – ды, РПЛ-78,8% - ды құрады. 1 айдан кейін тиімділік тиісінше 82,8% және 88,1% құрады. ПНЛТ отасынан кейін шумақтық сүзу жылдамдығының айтарлықтай төмендеуі анықталады, бұл РПЛ әдісінде байқалмайды. Хирургиялық емдеуді жақсарту несеп-тас аурумен (НТА) ауыратын халықтың өмір сүру сапасын жақсартады, халықтың аурушаңдығы мен мүгедектілігін азайтады, ауруханада болу және оңалту ұзақтығын қысқартады. Түйін сөздер РПЛ, ПНЛТ, нефролитиаз.

    Кілт сөздер

    РПЛ, ПНЛТ

  • 6. Асқазан, онекіелі ішек және тоқ ішеқтің қосарланған патологиясынкешенді емінің нәтижелерін жақсарту әдістері

    А.С. Гырхларова
    29–36
    Аңдатпа

    Құрсақ қуысы мүшелерінің жанамалас хирургиялық патологиялары – заманауи хирургиядағы маңызды мәселелердің бірі. Бұл мақалада қосарланған абдоминальды патологиялары (ҚАП) бар 110 науқасты хирургиялық емдеудің нәтижелері талданған. Зерттеу мақсатына сәйкес 2 салыстыру тобы құрылды: ҚАП бойынша кезеңдік хирургиялық емдеуден өтетін науқастардың бақылау тобы, және ҚАП-ты жою бойынша бір мезеттік ота жасалатын науқастардың негізгі тобы. Зерттеу нәтижесінің негізінде ҚАП-ы бар науқастарды емдеу және диагностикалау алгоритмі даярланды. Ұсынылған алгоритм – ҚАП-ты хирургиялық емдеудің нәтижелерін жетілдірудің сенімді кепілі.

    Кілт сөздер

    қосарланған абдоминальды патологиялары

  • 7. Ретроградтық пиололитотрипсия әдісін бүйрек тастарына қолдану

    D.E.. Mami, M.A. Malikh, D.I. Sengirbaev, R.R. Asoev
    37–41
    Аңдатпа

    Мақалада несеп-тас ауруы (НТА) кезінде қысқаша интрареналды хирургия - ретроградтық пиоло-литотрипсия әдісінің тиімділігі туралы әдеби шолу ұсынылған. Бұл әдіс икемді уретероскоптарды жа-саумен 2005 жылдан бастап белсенді енгізілуде. Біздің орталықта әдіс 2015 жылдан бастап енгізілген. Бүгінгі күні 2 см-ден асатын бүйрек тастарына ретроградтық пиололитотрипсия әдісі қолдану бойын-ша зерттеулер жеткілікті, бұл әдістің тиімділігі, кіші инвазивтілігі және қауіпсіздігі дәлелденді. Осы әдісті маржан тәрізді тастарға және бүйректе бәрнеше тастар кезінде қолдану бойынша зерттеулер аз, сондықтан осы бағыттағы зерттеулердің өзектілігін растайды. Бұл жұмыстың мақсаты маржан тәрізді тастарға және бүйректегі бірнеше тастарға арналған интрареналды хирургия тақырыбындағы әдебиеттерге талдау жасау. Әдіс: Біз Кокрейн, MEDLINE, PubMed, EMBASE, Google Scholar, әдеби деректердің жүйелі іздеу өткізіп және дереккөздерді таңдап, сонымен бірге орыс тіліндегі зерттеу жұмыстарды және оқу онлайн-басылымдары қосылған. Қосу критерийлеріне жауап беретін жиырма құжат енгізілді.

    Нәтижелері: Шолу мақалада бүйректерінде тастары бар науқастарды ота емдеудің заманауи әдісі, көрсеткіші мен қарсы көрсетілімдері. Әдістің тиімділігін бағалау қуыс жүйесін тастар-дан толық босатумен бағаланады (stone-free rate).

    Қорытынды: Осылайша, РПТ зерттеу мәселесі және оның нефролитиазды емдеудегі тиімділігі сөзсіз өзекті және одан әрі зерттеуді қажет етеді. РПТ - анатомиялық қиын қол жетімділіксіз кезде, семіздікпен және антикоагулянттарды ұзақ қолданылғанда таңдаудың жақсы әдісі. Бірақ маржан тәрізді тастар кезінде салыстырмалы түрде тиімді әдіс және белгілі науқастарда перкутандық қол жетімділігін қалыптастыру мүмкін емес немесе асқыну қаупі жоғаруына байланысты таңдау әдісі болып табылады.

    Кілт сөздер

    НТА, маржан тәрізді тас

  • 8. Фалло тетрадасы: диагностикасы мен оталау емі.Әдебиет шолуы

    І.Е. Сағатов, В.М. Шмонин
    42–48
    Аңдатпа

    Мақалада Фалло тетрадасының диагностикасы мен оталау емінің заманауи көзқарастары келтірілген. Соны-мен қатар, Фалло тетрадасының паллиативті және радикалды емдеу әдісі, хирургиялық емнің жақын және алшақ қорытындылары келтірілген. Фалло тетрадасындағы анатомиялық және гемодинамикалық бұзылыстарды қалпына келтірудің жаңа инновациялық әдістеріне ерекше көңіл бөлінген.

    Кілт сөздер

    Фалло тетрадасы, радикалды ота, нәтижелері

  • 9. Госпитальдық кезеңде ЖИА-ны хирургиялық түзетуден кейінгі қайталама стенокардиясы бар науқастардағы шунттың өтімділігі және оны бағалау әдістері

    G.K. Aitkozhin, V.K. Israilova, B.M. Sandybai, A.A. Baydildaev
    49–53
    Аңдатпа

    Шунтокоронарография – коронарлы шунттаудың нәтижелерін бағалауға арналған «алтын стан-дарт». Бүгінгі таңда ол асқынуларды толық тексеруді жүргізуге, түрлі типтегі және локализациядағы шунттардың барлығын тікелей визуализациялауға, окклюзиялар мен стеноздарды анықтауға, көрінім мен ұзындық деңгейін айқындауға, бір мезертте проксимальды және дистальды коронарлы арнаны тікелей, нақты бағалауға, өз кезегінде ЖИА-сы бар науқастардағы тіке реваскуляризациялық оталардың тиімділігін арттыруға ықпал ететін, атеросклероздың асқыну локализациясын және деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін бірден бір әдіс.

    Кілт сөздер

    КА – коронарлы артериялар, МКШ – маммаро – коронарлы шунттау, СЖІКА – сол жақ ішкі кеуде артериясы, ОЖІКА -оң жақ ішкі кеуде артериясы, КА – кәріжілік артериясы АВТОРЛАР ТУРАЛЫ Айткожин Галым Калелович – медицина ғылымдарының докторы