Көрсету  №3 (2022)

Bulletin of Surgery of Kazakhstan

№3 (2022)

Статьи

  • 1. Қол буындары мен сүйектерінің ауқымды ақауларын протездеудің жаңа шешімдері. әдебиет шолуы

    Д.М. Магеррамов, М.И. Мурадов, Я.А. Имиров, Г.Ж. Сейилханова, Е.Н. Набиев, М. Керимов, Н.С. Ахметов
    5–10
    Аңдатпа

    Адам қолы – еңбек, өзіне қызмет ету ағзасы. Е. В. Капланның айтуынша қол - бізді қоршаған ортадағы миымыздың жалғасы. Дегенмен, ең функционалды жүктелген жүйелердің бірі бола отырып, қол және оның сүйек сегменттері жиі зақымдалады. Жұмыстың

    мақсаты: қол сүйектері мен буындарының ауруларын емдеудегі заманауи протездеу әдістеріне әдеби шолу жасау.

    Материал және әдістер. Біз әдеби деректерді MEDLINE, Кокран дерекқоры, Google Scholar, PubMed базаларында, сонымен қатар ағылшын және орыс тілдеріндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен онлайн басылымдары бойынша жүйелі түрде шолу жасадық.

    Нәтижелер. Шолу мақаласында қолдың сүйектері мен буындарының ақаулары мен жарақаттары бар науқастарды жаңа емдеу әдістері мен осы патологиялық жағдайдың даму себептері көрсетілген.

    Қорытынды. Осылайша, протездердің қолданыстағы түрлері қазіргі таңда науқастардың қажеттіліктерін толық қанағаттандырмайды және оларды заманауи реконструктивтік хирургияда қолдану 100% оң нәтиже бере алмайды. Қалпына келтіру операцияларының қанағаттанарлықсыз нәтижелерінің саны және мүгедектік көрсеткіштері осы күнге дейін жоғары болып қалып отыр.

    Кілт сөздер

    эндопротездеу, биопротез, биобаспа, қол буындары, қол жарақаттары, реконструктивтік хирургия

  • 2. Липосакциямен қосарланған абдоминопластикадан кейінгі асқыну ретіндегі май эмболиясы. Әдебиет шолуы

    Д.М. Магеррамов, М.И. Мурадов, К.Б. Мухамедкерим, Я.А. Имиров, Г.Ж. Сейилханова, Е.Н. Набиев, М. Керимов, Н.С. Ахметов
    11–15
    Аңдатпа

    Май эмболиясы - полиэтологиялық ауру және әлі күнге дейін кең таралған, қазіргі таңда өзектілігін жоймаған күрделі мәселе. Бұл май тінінің қантамырларына енуіне байланысты пайда болып, одан кейін оның бітелуіне әкеледі. Сонымен қатар, барлық жерде осы аурудың өсу тенденциясы байқалады. Жұмыстың мақсаты – липосакциямен біріктірілген абдоминопластика отасынан кейінгі май эмболиясы туралы әдеби деректерді талдау.

    Материал және әдістер. Біз әдеби деректерді MEDLINE, Кокран дерекқоры, GoogleScholar, PubMed базаларында, сонымен қатар ағылшын және орыс тілдеріндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен онлайн басылымдар бойынша жүйелі түрде шолу жасадық.

    Кілт сөздер

    май эмболиясы, пластикалық хирургия, абдоминопластика

  • 3. Геморроидэктомияның дәстүрлі әдістері және «hal-rar» әдісі нәтижелерін салыстырмалы талдау

    М.И. Исаев, Ж.Б. Баймаханов, Д.Д. Ахмет, П.М. Асланов, Е.К. Нурланбаев, Б.Ш. Ермашов, А.А. Астай, Н.Н. Биржанбеков, А.Ж. Маткеримов, А.Т. Чорманов, Б.Б. Баймаханов
    15–20
    Аңдатпа

    Бұл зерттеуде біз геморроидэктомия нәтижелерін дәстүрлі әдістермен және «Hal-RAR» әдісімен ретроспективті салыстырмалы талдау нәтижелерін береміз.

    Зерттеу мақсаты. «А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ Алматы, Қазақстан, хирургиялық бөлімдерінде емделген науқастарда дәстүрлі геморроидэктомиялар мен «HAL-RAR» нәтижелеріне ретроспективті салыстырмалы талдау жүргізу.

    Материал және әдістер. 2018 жылғы маусым мен 2021 жылғы сәуір аралығындағы кезеңде «А. Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО» АҚ-да созылмалы геморройға байланысты 108 науқасқа жоспарлы түрде ота жасалды және барлық науқастар 2 негізгі топқа бөлінді: дәстүрлі әдістер және «Hal-RAR» әдісі арқылы операция жасалған науқастар.

    Нәтижелер. Талдау деректері «Hal-RAR» әдісінің дәстүрлі геморроидэктомия әдістерінен артықшылығы бар деп болжайды.

    Қорытынды. Екі топтың науқастарының көрсеткіштерін салыстырмалы талдау негізінде «HAL-RAR» минималды инвазивті әдісімен операцияның ұзақтығы 40,6 минутты құрайды, бұл 48,4 минутты құрайтын дәстүрлі әдістерге қарағанда едәуір көп. Осыған қарамастан, «HAL-RAR» әдісімен операциядан кейін стационарда болу ұзақтығы - 2,6 күн, бұл операциядан кейін стационарда болу ұзақтығы - 3,5 күн болатын дәстүрлі әдістерге қарағанда әлдеқайда аз. «HAL-RAR» әдісімен операциялар кезінде жергілікті инфильтрациялық анестезия науқастардың 77,7%-ына, дәстүрлі әдістерде науқастардың 25,9%-ына жүргізілді. Бұл талдау «HAL-RAR» әдісінің дәстүрлі әдістерден артықшылығы бар екенін көрсетеді.

    Кілт сөздер

    созылмалы геморрой

  • 4. Жасөспірім кезеңдегі басым көлденең венасы бар sinus venosus ақауы бар аномальді өкпе венасының дренажын бипластикалық түзетудің клиникалық жағдайы

    К.Н. Куатбеков, А.Л. Егизеков, А.В. Мишин, Н.Б. Байжигитов, Б.Е. Суйеубеков, А.М. Нурбеков
    21–24
    Аңдатпа

    Sinus venosus ақау – жүрекшеаралық коммуникацияның сирек кездесетін түрі және әрдайым өкпе веналарының ішінара ақаулы дренажымен (ӨВІАД) жоғарғы қуыс венаға (ЖҚВ) немесе оң жақ жүрекшеге (ОЖ) жанама жүретін ақау. Бұл ретте қуыс веналары бойынша веноздық ағудың алуан түрлері бар: оң жақ, сонымен қатар сол жақ жүрекшеге түрлі локустарды дренаждау арқылы қосымша сол жақ ЖҚВ болуы немесе біздің жағдайымыздағы – оң жақ жоғарғы қуыс венамен алдыңғы коммуникациясыз оң жақ жүрекшеге тікелей дренаждалған жұп емес басым венаның болуы. Осы жұмыста 14 жастағы баланың синусты веноздық типті жүрекшеаралық қалқа ақауымен жанама өкпе веналарының ішінара ақаулы дренажын түбегейлі түзету клиникалық жағдайының сипаттамасы ұсынылған. Көлденең вена арқылы дененің жоғары жартысынан вена қанының басым ағуы кезінде, жасанды қан айналымы кезінде адекватты жоғарғы-веналық ағу көрсетілген, аутоперикардиальды жамаудан комбинацияланған биопластика. Жүректің туа біткен ақаулары туралы және оларды хирургиялық түзетудің оңтайлы мерзімдері туралы ақпаратты медицина қызметкерлерінің кең аудиториясына ғана емес, сондай-ақ Республикамыздың бүкіл халқына жеткізу маңызды. Баршаға қолжетімді кәсіби ақпарат клиниканың сайтында және мүмкіндігінше барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы керек, осы жарияланымдар арқылы ата-аналар және науқастар қолжетімді және қолайлы ақпараттық платформада емдеу процесінің бүкіл ерекшелігімен толық көлемде таныса алуы керек.

    Кілт сөздер

    өкпе веналарының ішінара ақаулы дренажы, синусты веноздық ақау, клиникалық жағдай, туа біткен жүрек ақауы, жүрекке операция

  • 5. Балалар мен ересек науқастардың туа пайда болған бронхоэктазының хирургиясы

    Б.К. Ширтаев, М.М. Сундетов, Н.Ж. Еримова, Д.О. Богданова, С.Е. Мукашев
    25–28
    Аңдатпа

    Кеуде және балалар хирургтері туа біткен бронхоэктаз кезінде операцияны ерте жасауды ұсынады, себебі бронхтардың кеңеюі бронхиалды құрамның инфицирленуіне және қабыну процесінің қайтадан өршуіне әкеледі, бірақ кейбір педиатрлар балалық шақта операция жасауға басқа көзқараспен қарайды, яғни ұзақ уақыт динамикада бақылауды жөн көреді.

    Мақсаты. Әртүрлі жастағы категориядағы туа біткен науқастар бойынша статистика жүргізу, туа біткен бронхоэктаздың диагностикасы мен емі бойынша өзге нұсқаулықтарды ұсыну болып табылады.

    Материал және әдістер. Біздің клиникада 433 науқасқа туа біткен бронхоэктаз бойынша операция жасалынды, барлық туа біткен өкпенің ақауларының 50,9%-ды құрады. Науқастардың жасы 2 мен 65 жас аралығында болды. Балалар мен жасөспірімдер (60,9%) ересектерден (39,1%) көп болды.

    Нәтижелер. Басылымда туа біткен бронхоэктазы бар 433 науқастың диагностикасы мен хирургиялық емінің нәтижесі көрсетілген. Ересектерге қарағанда балалардағы хирургиялық емнің нәтижесі оңтайлырақ.

    Кілт сөздер

    туа біткен бронхоэктаз, бронх, ремиссия кезеңі, өкпе резекциясы

  • 6. Тәж-бұғана асты ұрлау синдромын баллонмен-кеңейтілетін перифериялық стент қою арқылы емдеу. Клиникалық жағдай

    А.В. Сапунов, І.Е. Сағатов, Б.К. Орманов, Е.Е. Абилханов,
    29–33
    Аңдатпа

    Науқас К., ер, 65 жаста, 2 типті қант диабетімен ауырады, негізгі терапияны ұстанатын, 2018 ж. коронарлық артерия ауруына байланысты маммаро-коронарлық шунттау операциясы жасалды. 2022 жылы төс сүйегінің артындағы шаншып ауыру, физикалық жүктеме кезінде ентігу, сол жақ көктамырішілік қуыстың ауырсынуы және жансыздануы түріндегі жалпы денсаулығының нашарлауына байланысты жоспарлы түрде шунтографиямен ЦАГ-ға жіберілді. Сол жақ радиалды жол арқылы жоспарлы шунтография кезінде коронарлық тұтасу құбылысының болуын көрсететін мама-коронарлық айналма трансплантаттың ретроградты пломбасының бар екені анықталды. Перифериялық баллонмен кеңейтілетін стентпен сол жақ бұғана асты артериясының гемодинамикалық маңызды стенозын жою, операциядан кейінгі ерте кезеңде сол жақ коронарлық артерия аумағында гемодинамиканың сәтті қайта құрылуына, стенокардия белгілерінің жеңілдетілуіне және сол жақ жоғарғы аяқтың адекватты қан ағымының қалпына келуіне әкелді.

    Кілт сөздер

    тұтастыру синдромы, КАБГ, ЛИМА, стент, шунтирлеу, кері ағым, шунтография

  • 7. Кардиохирургиялық науқастардың ота қауіпін стратификациялау әдістері. Әдебиет шолуы

    I.Y. – Dr. med. Sci. Sagatov, of Head
    34–39
    Аңдатпа

    Мақалада хирургиялық араласуға байланысты тәуекелдерді стратификациялау арқылы кардиохирургиялық науқастарда операциядан кейінгі асқынулардың ықтималдығын болжау мәселелері талқыланады. Автор кардиохирург тәжірибесінде жиі кездесетін Aristotle Basic Score және EuroSCORE шкаласын қолданып, оларды қолданудың орындылығын, тиімділігін және алынған нәтижелерді бағалауды көрсетті.

    Кілт сөздер

    ота қауіп-қатері, кардиохирургия, жүрек ақаулары

  • 8. Жүректің туа пайда болған ақауларын анықтаудағы компьютерлік томография

    А.Л. Егізеков, Қ.Н. Қуатбеков, К.Е. Каракойшин, А.В. Мишин, А.М. Нұрбеков
    40–46
    Аңдатпа

    Мақсаты – операция алдындағы дайындық және хирургиялық тактиканы таңдау кезеңінде туа біткен жүрек ақауларын (ТЖА) диагностикалауда тамыр ішіндегі контрасты бар мультиспиральды компьютерлік томографияның (MSKT) маңызын бағалау. Әдістер. 2021 жылғы қаңтар - 2022 жылғы маусым кезеңінде біздің орталықта көкірек патологиясы бар әртүрлі жастағы науқастарға 30 КТ-кардиография жүргізілді. 64-кесінді компьютерлік томограф Somaton Siemens sensation 64 сандық өңдеу жүйелерімен жиынтықта пайдаланылды. Жүректің магистральдық тамырларын зерттеу контрастылық затты тамырішілік болюсті енгізу арқылы жүргізілді. Бейнелерді талдау үш жазықтық томограммалар бойынша ақау атомиясын зерттеуді және мультипланарлық 3-D қайта жаңартуларды құруды қамтиды.

    Нәтижелер. Барлық жас топтарының ТЖА визуализациялық диагностикасының заманауи тәсілдері ұсынылған. Туа біткен, пайда болған жүрек-қантамырлары және торакальды патологияны диагностикалауда тамырішіндегі контрасты бар КТ-кардиографияның рөлі көрсетілген. ТЖА КТ-ангиографиялық картинасын сапалы бағалау жүргізілді.

    Қорытынды. Біз ТЖА бар науқастарды тексеру кезінде КТ-кардиографияны қолдану тәжірибеміз дәстүрлі ультрадыбыстық және инвазивті әдістемелерге қарағанда көп жағдайда неғұрлым құнды диагностикалық ақпаратты, әсіресе экстракардиалды құрылымдарды алуға мүмкіндік береді, бұл оның ТЖА-ны тексерудегі маңыздылығын айқындайды. Бұл ретте дұрыс морфометриялық көрсеткіштерде, аорта патологиясын, өкпе артериясын, оң жақ қарыншаны диагностикалауда, оның шығару бөлімінің патологиясын қоса алғанда, қарынша-артериялық байланыстарды және жүрекше-қарынша қосылыстарын бағалау үшін ақаулар анатомиясы нақтыланады.

    Кілт сөздер

    компьютерлік томография, КТ-кардиография, туа біткен жүрек ақауы, кардиохирургия

  • 9. Pair отасынан кейінгі эхинококк кисталарының ультрадыбыстық мониторингі

    Ч.Т. Садыков, М.С. Нагасбеков, Ж.Б. Баймаханов
    47–51
    Аңдатпа

    PAIR операциясы (Punction, Aspiration, Injection, Reaspiration) бауырдың эхинококкоз кисталарын (ЭК) CE1 сатысында емдеуге арналған аз инвазивтік әдіс. Хирургиялық емдеудің бұл әдісінде эхинококкоз кистасы бауырдан алынбағандықтан, УДЗ және КТ диагностикасы секілді кешенді сәулелі диагностиканың әдістерін қолданатын науқастарды бақылау қажет.

    Кілт сөздер

    бауыр эхинококкозы, сәулелі диагностика