Көрсету  №1 (2019)

Bulletin of Surgery of Kazakhstan

№1 (2019)

Статьи

  • 1. CYP3A5 генетикалық полиморфизмінің бүйрек реципиенттеріндегі такролимус фармакокинетикасына әсері

    Б.Б. Баймаханов, А.Т. Чорманов, Р.П. Ибрагимов, И.К. Мададов, К.С. Дабылтаева, Ж.М. Сырымов
    5–7
    Аңдатпа

    Қазіргі танда Қазақстанда орган трансплантациясы, оның ішінде бүйрек трансплантациясы қарқынды түрде дамып келе жатыр. Негізгі мақсат көптеген науқастардың өмірін сақтап қалу ғана емес, трансплантаттің тірі қалу көрсеткіштерін жақсарту. Бұл жолда біз иммуносупрессивті емінің персонализация және рационализа-циясын зерттеп жатырмыз. Біздің мемлекетімізде және бүкіл дүниеде де трансплантаттың ұзақ мерзімде тірі қалуын анықтайтын генетикалық факторлар, трансплантологияда үлкен қызығушылық тудырып жатыр. Жасалған зерттеулердің нәтижелеі бойынша CYP3A5 (Р450 цитохромы) генетическалық полиморфизмімен такролиму-стын фармакокинетикасы арасында нақты байланыс бар. CYP3A5 генетическалық полиморфизмін анықтау та-кролимус концентрациясының қандағы өзгерістерін алдын ала білу, иммуносупрессивті емді жақсырақ бақылау мүмкіншілігін тудырады және бұл трансплантаттың ұзақ мерзімде тірі қалу көрсеткштерін жақсартады.

    Кілт сөздер

    такролимус, трансплантация, бүйрек, генетическалық поли-морфизм, иммуносупрессия

  • 2. Ота кезіндегі жіті калькулезді холецистит ауруына шалдыққанда өт қабының іріңді-деструктивтік қабынуы кезіндегі иммунофанның рөлі мен мүмкіндіктері

    M. Nasyrov, R. Abbasaliev, P. Abbasalieva
    8–13
    Аңдатпа

    Иммунофанды қолдануымен азинвазивті әдістерді пайдалану мүмкіндіктерін есепке алуымен жіті калькулезді холецистит (ЖКХ) мен жіті деструктивтік калькулезді холецистит (ЖДКХ) ауруларына шалдыққан ауруларды дер кезінде жедел холецистэктомия отасын жасау, иммунитетін күшейтеді және де хирургиялық емдеудің нәтижелерін айтарлықтай жақсартады. 2017 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі мерзімінде Әзірбайжан медицина университетіне жас мөлшерлері 15 жастан 86 жасқа дейін жіті калькулезді холецистит ауруының түрлі нысандарымен 46 пациент ауруханаға жатқызылды. Барлық 46 пациент екі топқа бөлінде: I-A бақылау тобына 10 пациент кірді. II-В негізгі тобындағы аурулар бірнеше қосалқы топтарына бөлінді. А қосалқы тобындағы 8 ауруға жедел түрде ота жасалды, «деструктивтік холецистит диффузды перитонит» деген диагнозымен 5-6 сағат ішінде шұғыл түрде ота жасалған. Б қосалқы тобында дәстүрлі отаға дейінгі дайындықтан кейін – 12 ауруға, иммунотерапия (иммунофан) арқылы қосымша толықтыруымен пациенттеге жедел түрде 12-48 сағаттай ота жасалды. С қосалқы тобының -16 - ауруы-на иммунотерапия (иммунофан) арқылы ем жасалған. Барлық пациенте стандарты сызба бойынша тексерілген: клиникалық қарап тексеру, құралдар арқылы тексеру, зертханалық зерттеулер.

    Кілт сөздер

    иммунофан, иммунотерапия, жіті калькулезді холецистит (ЖКХ), жіті деструктивтік калькулезді холецистит (ЖДКХ), азинвазивті әдістер

  • 3. Ортотопикалық бауыр трансплантациясынан кейінгі ультрадыбыстық зерттеу.Қан тамырларының асқынуларын ерте трансплантациядан кейінгі кезеңде ультрадыбыстық зерттеуі

    Ч.Т. Садыков, Д.М. Кунанбаева, Д.З. Байгуисова
    14–18
    Аңдатпа

    Мәйіттік донорлық ағзалардың жетікіліксіздік жағдайында, бауырдың ортотопиялық трансплантациясы бауырдың созылмалы диффузды ауруларының терминальды сатысын емдеудің жалғыз әрі түбегейлі емдеу әдісі болып табылады. Сұр түсті шкалалық сканерлеу, түсті және спектральды допплерлік зерттеулерді қамтитын ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) бауырдың трансплантациясы кезінде бақылау мен инструментальды зерттеу әдістерінің арасында жетекші орын алады.

    Кілт сөздер

    Ультрадыбыстық диагности-ка, бауыр тамырларының допплерографиясы, тамыр асқынулары, трансплантаттың қан тамырларының тромбозы

  • 4. Қалқанбездің дисфункциясымен бірге жіті өт-тас ауруын хирургиялық емдеудегі азинвазивті технологияларды қолдануының тиімділігі

    Ю. Алиев, С. Мехдизада
    19–23
    Аңдатпа

    Сонымен, өт-тас ауруына, қалқанша бездің дисфункциясына және сондай аралас ауруларына шалдыққан па-циенттер санының үнемі ұлғаюы, сондай контингентті ауруларды диагностикалау және хирургиялық емдеу туралы бірыңғай көзқарасының жоқтығы таңдалған проблеманы зерттеу үшін өзектігін белгілейді. Материалдар мен зерттеу әдістері. Өт-тас ауруымен ілеспе зоб түрлері бар 25 пациент М. А. Топчубашов атындағы ғылыми хи-рургия орталығының стационарлық ем алып жатты. Олар 17 жастан 63 жасқа дейінгі 19 әйел (76%) және 6 (24%) ерлер құрады. Зоб ауруының түрлі нысандарына шалдыққан адамдар арасында басымдысы жұмыс істей алатын-дары болды. Осы ғылыми зерттеудің материалы болып табылатын барлық 25 пациент екі топқа бөлінді. Негізгі топ 17 (68%) пациенттен құралған, оларға лапароскопиялық әдістер мен құралдарды (лазер) қолдануымен (біріккен тиреоидэктомиямен холецистэктомия) отасы жасалды. 8 (32%) пациент бақылау тобын құрайды, онда тиреои-дэктомиямен бірге дәстүрлі хирургиялық араласу өт қалтасында және өт шығу жолдарында жасалды. Өттас ауруы бар және зобтың түрлі нысандары бар барлық 25 пациент хирургиялық ем алып шықты.

    Нәтижелері. Соңғы он жылдары қанқанбез дисфункциясының құрылымында айтарлықтай өзгерістер орын алғандығын атап өтке жөн. Сондай-ақ, егерде түйін және көптеген зоб ауруымен қосалқы қанқанбез ауруына бұрын шалдыққан пациенттер көпшілікті құрады, ал соңғы кезде қанқанбез ауруының созылмалы тиреоидиті және онкологиялық ауруларының айтарлықтай өсуі тіркелген. Хирургиялық араласуларды іске асыру кезінде инвазивтігі азырақ әдістерін қолдану барысында операциядан кейінгі асқынулар 17 пациенттің ішінен 1 (бір) пациентте, 1 (5,9%) (серома) кездеседі, онда асқынудың дәстүрлі әдістерін қолданған кезде 8 пациенттен 4 (50%) (серома, тітіркену, теріасты қан кету). Талдау және оларды сипаттау кезінде тиреоидэктомиядан кейін инвазивтігі азырақ технологияларды қолданған кезінде дәстүрлі операцияларға қарағанда, асқынулары 2,5 есе сирек болатындығы анықталған; ешқандай паци-ентте гемокоагуляцияның асқынуы байқалмаған.

    Кілт сөздер

    өт қабы, өт тасы ауруы

  • 5. Тік ішек обырына жасалынған радикалды хирургиялық операциялардан кейінгі ішектің соңғы бөліктеріндегі колостомалары бар науқастарды қайта қалпына келтіру емінің клиникалық аспектілері

    А.А. Қожаев, Б. Қ. Қайдаров, Н.А. Аманбеков, Қ.У. Сабиров, А.К. Жақыпбаева
    24–28
    Аңдатпа

    Тік ішек обыры бар пациенттер мүгедектік дәрежесі анағұрлым жоғары болатын онкологиялық науқастардың санатына жататыны белгілі, бұл бірінші кезекте осы патологиядағы стома салу операцияларының жоғары пайызымен байланысты. Бұл жағдайда осы мәселені шешу үшін кешенді тәсіл қажет. Түбегейлі операциялардан кейін салынған, жасанды артқы тесігі бар тік ішек обырымен ауыратын науқастарға жүргізілген тоқ ішектің стомасын салу кезінде орнын анықтауға арналған ал-горитм, диетотерапия, колостомаға арналған күтім, алдын алу шаралары және ішектік стоманың асқынуларын болдырмау секілді шаралардан тұратын көп құрамды қалпына келтіру емінің арқасында «еңбек реабилитациясының» 71,3±4,9% жоғары коэффициентін құрайтын жақсы функционалды нәтижелерге қол жеткіздік. Сонымен қатар стома қойылған әрбір бесінші науқас операцияға дейінгі өмір сүру қалпына өздігінен қайта оралды, ал медико-әлеуметтік сараптама комиссиясын (МӘСК) өтпей осы локализация бойынша емделіп еңбекке оралған науқастардың ара қатынасын анықтайтын «Өздігінен қалпына келу» коэффициенті 18,4±4,2% құрады. С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті онкология.

    Кілт сөздер

    онкология, тік ішек обыры, колостома, өмір сүру сапасы

  • 6. 27 жыл бұрын нефрэктомиядан кейінгі рецидивті жалғыз қалған сол бүйректің бүйрек-жасуша карциномасының клиникалық оқиғасы

    Р.П. Ибрагимов, Д.А. Исаев, И.К. Мададов, Ж.М. Сырымов
    29–31
    Аңдатпа

    27 жыл бұрын нефрэктомиядан кейінгі рецидивті жалғыз қалған сол бүйректің бүйрек-жасуша карциномасының клиникалық оқиғасы. Науқас 56 жаста, ер адам, келіп түскен кезде зәрдің қан аралас болуына шағымданады. Тексеріп қараған кезде ультрадыбысты зерттеу және компьютерлік томографияда сол бүйректің ісігі анықталды. Науқастың ауру тарихында: 1991ж науқасқа оң жақ бүйректің бүйрек-жасуша карциномасы себебінен оң жақты ашық нефрэктомия жасалынған. Тұрғылықты жері бойынша дәрігерде 5 жыл бойы бақылауда болған, бірақ реци-див белгілері болмаған. Компьютерлік томографияда сол бүйректің өлшемдері 20,4 х 8,62 см, ісіктің көлемі 10,5 х 8,3 см болды. Ісік бүйректің жоғарғы полюсынан бүйрек қақпасына дейін жайылған. Науқаста жалғыз қалған тек сол бүйрек болғандықтан науқасқа ағзанысақтау отасы жасалуына шешім қабылданды, бірақ түзілістің бүйрек қақпасына инвазия дәрежесін нақты білмегендіктен экстракорпоральді бүйрек резекциясы планданды.

    Кілт сөздер

    рецидивті бүйрек-жасуша кар-циномасы, жалғыз қалған бүрек, эктракорпоральді резекция

  • 7. Жабыспа ауруы (Әдеби шолу)

    И.Р. Фахрадиев, Д.Т. Жұматаев, А.Н. Баймаханов, Ы.А. Алмабаев, А.Д. Раимханов
    32–38
    Аңдатпа

    Іш қуысының жабыспа ауруы - іш пен кіші жамбас қуысына жасалған операциялардан кейін ең жиі кездесетін асқынулардың бірі болып табылады. Бұл асқыну өз кезегінде бедеулікке, іштегі созылмалы ауру сезіміне және ішек өтімсіздігіне алып келеді. Лапароскопия бүгінгі таңда іш қуысы мүшелерінің хирургиялық ауруларына операция жасауда «Алтын стандартқа» айналды. Лапароскопиялық хирур-гия «ашық» хирургиямен салыстырғанда бірнеше басымдыққа ие, оның ішінде тез сауығу, госпитали-язация күндерінің қысқаруы, операциядан кейінгі ауру сезімінің азаюы, сонымен қатар косметикалық басымдылықтар. Хирургияның осы саласының технология жағынан одан әрі жетілуі, заманауи әдістердің жасалуы және арнайы лапароскопиялық дағдылардың игерілуі - іш қуысына жасалатын операциялардың спектрін одан әрі кеңейтті, мысалы интракорпоральді тігістер мен аностомоздар салу және т.б. Операциядан кейінгі жабыспалар ішастардың абберантты жазылуымен тікелей байланысты және ішек өтімсіздігіне алып келетін негізгі себеп болып табылады. Қазіргі уақытта жабыспалардың ал-дын алуда антиадгезионды барьерлер кеңінен насихатталуда. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, адгезия түзілуін тежеу ішек анастомоздарының жазылуына кері әсерін тигізбейді. Ал анастомоздардың дұрыс жазылмауы іш қуысында антиадгезионды барьерлердің болуына қарамастан жабыспалардың түзілуіне алып келеді. Ұсынылып отырған шолуда іш қуысы мүшелері жабыспаларының патофизиоло-гиясы және алдын алу туралы тыңдеректер келтірілген. А. Н. Баймаханов – к.м.н. проф. С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Ы. А. Алмабаев – д.м.н. проф. С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық А. Д. Раимханов – ассистент С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық.

    Кілт сөздер

    перитонеальді жасбыспалар, лапароскопия, ауру сезімі, антиадгезионды барьерлер, биоэлектрлік стимуляция

  • 8. Қазақстанда кадаврдан бүйректі ауыстырудың қазіргі жағдайы

    Б.Б. Баймаханов, А.Т. Чорманов, Р.П. Ибрагимов, И.К. Мададов, Ж.М. Сырымов
    39–42
    Аңдатпа

    Орган трансплантациясы жыл сайын дүниежүзінде мындаған өмір құтқарып жатыр. Орган трансплантациясының дүниедегі және де Қазақстандағы ен дамыған түрі бүйрек трапснплантациясы болып саналады. Бүйрек трансплан-тациясы күтіп жүрген науқас саның көбеюі донор жетіспеушілігін туғызды. Дүниежүзі бойынша донор жетіспеушілігі проблемасы бар Социальді, этникалық, дині және де басқа да көзқарастар мен байланысты түрлі мемлекеттерде мәуіттік донордан немесе тірі донордан бүйрек трансплантациясы түрлі дәрежеде дамыған.

    Кілт сөздер

    трансплантация, бүйрек, мәуіттік донор, Қазақстан

  • 9. Артық дене салмағы бар науқастардағы Мириззи синдромының хирургиялық емі

    М.Ж. Аймагамбетов, М.Ә. Әуенов, Т.А. Булегенов, С.Т. Абдрахманов, Йошихиро Носо, Н.Б. Омаров, Е.М. Асылбеков
    43–46
    Аңдатпа

    Өт –тас ауруының (ӨТА)асқынуынан туындаған Мириззи синдромының III және IV типіндегі 25 науқастың емінің қорытындысын талдау. Олардың ішінде ер адамдар 6 (24 % ) науқас, әйел адамдар 19 (76 %), ара қатынасы 1:3тең. Науқастардың жас шамасы 41-ден 78 жасқа дейін. Науқастардың орташа жас шамасы 63,4±3,4. Оның ішінде 14 (56%) емделуші артық дене салмағына ие болды: І дәрежелі семіздік – 7, ІІ дәрежелі семіздік – 5, ІІІ дәрежелі семіздік – 2. Барлық науқастар ауруханаға шұғыл түрде госпитализацияланды. Барлық науқастар гепатохоледох қабырғасының ақауларын жою әдісіне байланысты 2 топқа бөлінді. Бірінші топта – 15 (60%) науқас, оларға келесідей ота жасалынды: холецистэктомия, Кер бойынша холедохтың жыланкөз ақауын дренирлеу, әкелуші ішекте Брауш бойынша (Шалимов бекітпесімену) және Ру бойынша (қосымша Фелькер бойынша дренирлеу) ішек аралық анастомоз және гепатикоею-ностомия жасалынды. Екінші топта – 10 (40%) науқас, Семей мемлекеттік медицина университетінің университеттік госпиталінің клиникалы әдісі бойынша гепатикоеюноанастомия (РУ әдісі бойынша модельдеу) және Вишневский дренажында П- тәрізді түйінді тігіспен холецистогепатикохоледохопластика жасалынды. Алиментарлық семіздік – II - III дәрежелі емделушілерге «артық дене салмағымен ауыратын науқастарға арналған Аймағамбетовтің әмбебап жарақат кеңіткішін» пайдалану арқылы операция жасалды. Талдау көрсеткіші бойынша екінші топтағы науқастарда операциядан кейінгі асқынулар төмендеген. Соған байланысты Мириззи синдромының III және IV типінде емдеу әдісін коррекциялау мақсатында, бұл әдісті нұсқалардың бірі ретінде ұсынуға болады.

    Кілт сөздер

    өт-тас ауыруы, Мириззи синдромы, гепатикохоледохое-юностомия, холецистогепатико-холедохопластика