Көрсету  №4 (2020)

Bulletin of Surgery of Kazakhstan

№4 (2020)

Статьи

  • 1. Пандемия жағдайында COVID-19 науқастарына қарқынды емдеу көмегін ұйымдастыру. (Әдебиет шолуы)

    Т.К. Куандыков, А.К. Абдрахманова, В.В. Мутагиров
    9–14
    Аңдатпа

    Коронавирустық инфекция тарала басталғаннан бері 57,9 миллион адам осы уақытқа дейін жұқтырды, 1,3 миллион адам қайтыс болды. COVID-19 бойынша дүниежүзілік статистикада Қазақстан инфекцияның анықталған жағдайлары бойынша 49 орында, қайтыс болған науқастар саны бойынша 53 орында тұр. COVID-19-ды жұқтырған науқастардың 80%-ында ауру жеңіл немесе орташа ауыр түрінде өтеді, шамамен 15%-ында оттегінің қолдауын қажет ететін аурудың ауыр ағымы дамиды, ал 5%-ы аса қауіпті ағымға ие, бұл науқастар қарқынды терапия бөлімшесінде ұзақ мерзімді қарқынды терапияны қажет етеді. Сонымен қатар, қарқынды терапия бөлімшесінде науқастардың болуының орташа ұзақтығы 10,8 күнді құрады. Ал 22,7% науқаста қарқынды емдеу бөлімшесінде емдеу ұзақтығы 30 немесе одан көп күнді құрады. Қарқынды терапия бөлімшелеріндегі науқастардың өлім-жітім деңгейі бірінші толқынның шыңына жетті - 40-61%, ал кейбір аймақтарда 90% дейін. Қарқынды терапияның нәтижелерін жақсарту үшін әртүрлі ауыр және ықтимал қауіпі жоғары ма-нипуляцияларды орындауға командалық тәсіл енгізіледі. Бұл тәсіл жұмыспен қамтылған және жақсы дайындалған қызметкерлердің жеткілікті санын қажет етеді. Кадрлардың жетіспеушілігін нәтижесінде, реанимация бөлімшесінің дәрігерлері мен медбикелері болу үшін басқа мамандықтағы медициналық кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша шара-лар қабылдануда. Ең қысқа мерзімде қарқынды терапия мамандарының максималды санын дайындауға арналған қысқа және үстірт курстар, әдетте, көрсетілген реанимациялық көмек сапасының нашарлауы-на әкеліп соқтырады және емдеу нәтижелері мен өлім жағдайларын жақсартпайды.

    Кілт сөздер

    COVID-19 пандемия, қарқынды емдеу, қарқынды емдеу көмегін ұйымдастыру

  • 2. Түтікті-перитонеальды бедеулік. Этиопатогенезі және диагностикасы. (Әдебиет шолуы)

    Ш.М. Тореева, Л.К. Кошербаева, Г.А. Алдангарова
    15–20
    Аңдатпа

    Қазіргі заманғы технологиялар саласында, репродуктология саласындағы жетістіктер мен жетілдірілген көмекші репродуктивті технологияларға (КРТ) қарамастан, бедеулік некенің жиілігі тұрақтандырып қана қоймай, жыл сайын өсіп, халықтың 25-30% құрады. Түтікті перитонеальді бедеулік - бұл алдағы жүктіліктің болмауына әкелетін әртүрлі факторлардың пайда болу жиілігі бойынша жетекші орындардың бірі.

    Кілт сөздер

    бедеулік, түтікті -перитонеальді фактор, жатыр түтіктерінің проксимальді кедергісі, селективті гистеросальпингография

  • 3. Цисталық бауыр эхинококкозының ультрадыбыстық диагностикасы, емдеу нәтижелері

    Р.А. Барлыбай, Ж.Б. Баймаханов, Е.А. Енин, Ч.Т. Садыков, А.Д. Куттыбаева, А.Е. Ережеп
    21–27
    Аңдатпа

    Бауыр эхинококкозын дер кезінде анықтау бүгінге дейін өзектілігін жойған жоқ. Цисталық бауыр эхинококкозын диагностикалау мен емдеуді жақсарту мақсатында диагноз қою және емдеу әдісін таңдау үшін пайдаланылатын ДСҰ (2003ж.) классификациясы әзірленді және практикалық медицинаға енгізілді. УДЗ – науқастарды бақылаудың әрі қарайғы тактикасын айқындайтын скринингтік әдіс. УДЗ-ның нақтылығы 90%-ға жетеді. Кисталардың өлшемі мен паразиттердің даму сатысына байланысты науқастарға түрлі операциялар жасалды және альбендазол арқылы консервативтік ем жүргізілді.

    Кілт сөздер

    ультрадыбыстық диагностика, бауыр, эхинококкоз, классификация, емдеу, альбендазол

  • 4. Туыстық трансплантация кезіндегі донордың операция алдылық бауыр волюметриясы. Әдеби шолу

    Е. Қалшабай, А.У. Сағиева, Р.Н. Тәжім
    28–31
    Аңдатпа

    Бауыр резекциясы және парциалды трансплантация кезіндегі инновациялық технологиялардың дамуына байланысты ағзаның көлемін операция алдында бағалау үлкен қызығушылық тудырады. Осы жұмыста донор бауырының көлемін операция алдында бағалау кезіндегі КТ-волюметрияның негізгі әдістері ұсынылды, әдеби де-ректерге талдау жасалды, әрбір әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды.

    Кілт сөздер

    Компьютерлік томография, трансплантация, көлем, бауыр Қалшабай Е

  • 5. Гастроэзофагеяльді рефлюкс ауруын хирургиялық емдеудің10 жылдық тәжірбиесі

    Ш.Ш. Жураев, А.А. Шөкебаев, Н.Е. Имаммырзаев, Н.Т. Орынбасар, Қ.М. Қанатов
    32–36
    Аңдатпа

    Гастроэзофагеальді рефлюксты ауру (ГЭРА) асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінің кең таралған ауруы ретінде белгілі. Көп науқастарда өмір сүру салтын өзгерту және консервативті емді қолдану ГЭРА-ның негізгі, әрі тиімді емдеу түрі болып саналады. Алайда, кейбір науқастарға хирургиялық ем – антирефлюксті операция қажет. Мақалада 2010 жылдан бастап 2020 жылдың қазан айына дейінгі А. Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО-ның асқазан-ішек жолдары хирургиясы бөлімшесінде ГЭРА бойынша ем алған науқастардың хирургиялық емдеу нәтижелері талданған.

    Кілт сөздер

    гастроэзофагеальді рефлюксты ауру, Ниссен бойынша фундопликация, антирефлюксты ота

  • 6. Қол буынындағы үлкен липома. Практикадағы жағдай

    Ұ.Ш. Медеубеков, M.И. Мұрадов, Қ.Б. Мұхамедкерим, Қ.E. Қaзантаев,
    37–39
    Аңдатпа

    39 жастағы ер адам бірнеше жыл бойы бірте-бірте өсіп келе жатқан, сол қолындағы үлкен жаңа өсінді жөніндегі шағымымен бізге жүгінді. Физикалық қарап-тексеру кезінде жұмсақ, қозғалмалы, ауырмайтын, шеттері айқын көрінетін бөлікшелі масса анықталды. Ультрадыбыстық диагностика қол буынындағы алақан кеңістігінің тереңінде орналасқан липоманы көрсетті, кейіннен ол хирургиялық жолмен алынып тасталды. Қол буынындағы алақанның тереңінде орналасқан липомаларды визуализациялау ерекшеліктері талқыланды және бұл жерде басқа қатерсіз жаңа өсінділер анықталған жоқ.

    Кілт сөздер

    үлкен липома, жүйке компрессиясы

  • 7. Хирургиялық науқастарда отадан кейінгі кезеңде «Рубуфин» дәрілікпрепаратының қауіпсіздігін және клиникалық тиімділігін бағалау

    T.K. Kuandykov, V.V. Mutagirov, A.P. Tungushbaev, A.T. Mahatov, N.A. Alimanov, S.T. Sherbaev, K.I. Dosymbetov, K.T. Musadilov, E.K. Kudajbergenov, B.Zh. Rahmanberdi
    40–45
    Аңдатпа

    Рубуфин перепараты А. Н. Сызганов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығың отадан кейінгі кезеңіндегі науқастарда қолданылды. 22-55 жас аралығындағы150 науқас зерттелді. Ауырсыздандыру тиімділігін келесі көрсеткіштер бойынша бағаланды: артериялдық қан қысымы, тамырсоғу жиілігі, жүрек жиырылу жиілігі, перифериялық қандағы оттегінің сатурациясы, қанның қышқылды-сілтілі жағдайы және газдық құрамы, ауырсынуды бағалаудың визуалды-аналогтық шкала-сы. Сонымен қатар, Рубуфин препаратының қанның биохимиялық көрсеткіштерінің өзгерісіне әсерін зерттелінді. Рубуфинді қолдану кезінде ауырсыну синдромы 1,5 есеге азаюы, жүрек жиырылу жиілігі минутына 95,6±8,8-ден 83,2±11,7-гедейін кемуі, тыныс алу жиілігінің минутына 22,4±2,7-ден 16,3±2,1-ге дейін төмендеуі,орташа артерияды қан қысымының ауырсыну синдромының азаюына пропорционалды төмендеуі, тыныс депрессиясының болмауы, қандағы оттегінің кернеуінің 109,5±23,4 мм.сын.бағ.-нан 112,4±16,6 мм.сын.бағ.-дейін артуы анықталды. Рубуфинді қолдану кезінде қанның биохимиялықкөрсеткіштеріндеөзгерістер байқалмады. Осылайша, ауқымды хирургиялық араласулардан кейін орташа және айқын ауырсыну синдромы бар пациенттерді ауырсыздандыру кезінде жоғары тиімділігі және ауырсыну синдромын жоюға байла-нысты қанның оксигенациясы мен жүректің соғу көлемінің жақсаруы дәлелденді.

    Кілт сөздер

    отадан кейінгі ауырсыну, опиоидты рецепторлардың агонист-антагонистері, аналгезия тиімділігі

  • 8. Ойық жаралы колиті бар науқастарда хирургиялық емдеудің алшақ нәтижелерін клиникалық бағалау

    Р.М. Агаев, М.М. Мамедов, Х.Н. Мұсаев, Ю.Г. Алиев, К.А. Алиева, Н.И. Мамедов, А.М. Алиева, З.Е. Джафарали
    46–50
    Аңдатпа

    Зерттеу М. А. Топчибашев атындағы ғылыми хирургия орталығы негізінде Әзербайжан медициналық университетінің (АМУ) хирургиялық колопроктология және хирургиялық клиника бөлімінде жүргізілді, 37 науқас стационарлық жағдайда болды. Ауруханаға жатқызылған барлық науқастар жалпы клиникалық (шағымдарды жинау, анамнезді зерттеу, физикалық тексеру деректері), зертханалық, сонымен қатар эндоскопиялық, морфологиялық және рентгенологиялық тексерулерден өтті.

    Кілт сөздер

    спецификалық ойық жаралы колит

  • 9. Дәріге төзімді фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезі бар науқастарлы коллапсохирургиялық емдеудің шағын жолы

    K.D. Erimbetov, М.М. Adenov, B.U. Bektursinov, Е.А. Aubakirova, Zh.А. Ibraev, B.А. Turgumbaev, А.К. Imakhaev, А.G. Abdullina, А.B. Arynbaeva, L.N. Kanlybaeva
    51–55
    Аңдатпа

    Дәріге төзімді фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезі бар 10 науқастың мини қолжетімділігі бойынша коллапсохирургиялық емдеу әдісінің нәтижелері талданды. Бақылау тобындағы 19 (63,3%) науқасқа қарсы негізгі топтағы 9 (90,0%) науқас хирургиялық емдеудің тиімділігіне қол жеткізді. Орындалған қолжетімділіктер хирургиялық емдеудің тиімділігіне әсер еткен жоқ. Косметикалық әсерлер бойынша айырмашылықтар бар: кесіндінің үлкен жиекті қалақшасына қарсы 6-8 см аралығындағы қолжетімділіктің ұзындығы бойынша басымдық.

    Кілт сөздер

    үлкен липома, жүйке компрессиясы

  • 10. Әдеттегі иықтың шығуын хирургиялық емдеу

    В.Г. Семенов, Д.И. Джулфаев, Д.Қ. Жамашев, Б.А. Монтаев, А.А. Даврешов, І.Е. Сағатов
    56–58
    Аңдатпа

    Әдеттегі иықтың шығуын хирургиялық емдеу заманауи ортопедияның күрделі мәселелерінің бірі болып табыла-ды. Бұл патология кең таралған, емдеу нәтижелері ортопедтерді, көбінесе пациенттерді әрқашан қанағаттандыра бермейді, сондықтан жаңа шешімдерді іздеу орынды және өзекті. Соңғы 5 жыл ішінде біз жедел медициналық көмек ауруханасының травматология бөлімінде емделген 22 па-циентке ота жасадық (Алматы қ.). Науқастар 20-дан 50 жасқа дейін болды. Ban cart операциясы 12 пациентке жасалды, 10 пациентке әдеттегі иықтың шығуының хирургиялық емінің жаңа әдісі қолданылды.

    Кілт сөздер

    иықтың шығуы

  • 11. Перифериялық артерия аневризмасының клиникалық және академиялық аспектілері. Әдебиетке шолу. 2 бөлім

    M. Кhanchi, A.Zh Matkerimov, T.N. Demeuov, A.A. Baubekov, M.A. Zhakubayev, A.S. Tergeussizov, T.K. Tajibayev, A.S. Shamshiev, N.N. Yerkinbaev, R.O. Makkamov, A.Y. Saduakas
    59–62
    Аңдатпа

    Түрлі этиологиядағы және локализациядағы перифериялық артериялардың аневизмасы бар науқастарды ем-деу тактикасын таңдау мәселесі стандарттан тыс шешімдерді қажет ететін бейтривиал клиникалық жағдаяттармен тұрақты түрде ұшырасатын тамыр хирургтары үшін өзекті болуы мүмкін. Аневризмалық кеңейген тамырларға хирургиялық араласуды жүргізу операциялық қауіпті стратификациялау, қолжетімділікті жүзеге асыру, араласу көлемін анықтау мақсатында аспаптық зерттеуді қамтитын операция алдындағы диагностикалық дайындықты пай-далану арқылы өтуі тиіс.

    Кілт сөздер

    перифериялық артериялар аневризмасын кешенді хирургиялық емдеу Ханчи М

  • 12. Холецистэктомиядан кейінгі өт жолдарының ятрогенді стриктуралары

    A.A. – Asadova
    63–69
    Аңдатпа

    Өт жолдарының қатерсіз структуралары әр түрлі себептермен болуы мүмкін, бірақ жағдайлардың шамамен 80% -ы лапароскопиялық немесе ашық холецистэктомия кезінде ятрогенді жарақатқа бай-ланысты. Лапароскопиялық холецистэктомияны кеңінен қолданғаннан кейін, өт жолдарының ятрогенді зақымдану жиілігі ашық холецистэктомиямен салыстырғанда екі-төрт есе артты. Холецистэктомиядан кейін ятрогенді билиарлы стрикураны емдеу қиын және мультидисциплинарлы әдісті қажет етеді, соның ішінде гепатобилиарлы хирургтар, эндоскопистер және интервенциялық рентгенологтар. Көптеген пластикалық стенттерді қолданатын эндоскопиялық стенттеу өт жолдарының струстық ятрогенді стриктураларының көпшілігінде бірінші кезектегі терапия ретінде таңдалуы керек. Хирургиялық емдеу хирургиялық емес емдеу сәтсіздікке ұшыраған күрделі билиарлы және анастомозды стриктуралары бар науқастарға көрсетілген. Бауыр трансплантациясы үшін күрделі жарақаттармен (васкуло-билиар-лы жарақат), екінші дәрежелі билиарлы цирроз және портальды гипертензиямен ауыратын науқастар жақсы үміткерлер болып табылады. Жаңа технологияларды енгізу болашақта емдеу әдістерінің жақсаруына үміт артады.

    Кілт сөздер

    өт жолдарының ятрогенді стриктуралары, холоцистэктомия, эндоскопиялық емдеу, гепатикоежуностомия