7. Хирургиялық науқастарда отадан кейінгі кезеңде «Рубуфин» дәрілікпрепаратының қауіпсіздігін және клиникалық тиімділігін бағалау
Жүктеулер
Аңдатпа
Рубуфин перепараты А. Н. Сызганов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығың отадан кейінгі кезеңіндегі науқастарда қолданылды. 22-55 жас аралығындағы150 науқас зерттелді. Ауырсыздандыру тиімділігін келесі көрсеткіштер бойынша бағаланды: артериялдық қан қысымы, тамырсоғу жиілігі, жүрек жиырылу жиілігі, перифериялық қандағы оттегінің сатурациясы, қанның қышқылды-сілтілі жағдайы және газдық құрамы, ауырсынуды бағалаудың визуалды-аналогтық шкала-сы. Сонымен қатар, Рубуфин препаратының қанның биохимиялық көрсеткіштерінің өзгерісіне әсерін зерттелінді. Рубуфинді қолдану кезінде ауырсыну синдромы 1,5 есеге азаюы, жүрек жиырылу жиілігі минутына 95,6±8,8-ден 83,2±11,7-гедейін кемуі, тыныс алу жиілігінің минутына 22,4±2,7-ден 16,3±2,1-ге дейін төмендеуі,орташа артерияды қан қысымының ауырсыну синдромының азаюына пропорционалды төмендеуі, тыныс депрессиясының болмауы, қандағы оттегінің кернеуінің 109,5±23,4 мм.сын.бағ.-нан 112,4±16,6 мм.сын.бағ.-дейін артуы анықталды. Рубуфинді қолдану кезінде қанның биохимиялықкөрсеткіштеріндеөзгерістер байқалмады. Осылайша, ауқымды хирургиялық араласулардан кейін орташа және айқын ауырсыну синдромы бар пациенттерді ауырсыздандыру кезінде жоғары тиімділігі және ауырсыну синдромын жоюға байла-нысты қанның оксигенациясы мен жүректің соғу көлемінің жақсаруы дәлелденді.
Кілт сөздер
отадан кейінгі ауырсыну, опиоидты рецепторлардың агонист-антагонистері, аналгезия тиімділігі
Әдебиеттер тізімі
- Garimella V, Cellini C. Postoperative pain control. Clin Colon Rectal Surg 2013;26:191-6
- Inturrisi CE. Clinical pharmacology of opioids for pain. Clin J Pain 2002;18:S1-11
- Gong Y, Zhang Y, Tao S. Nalbuphine for analgesia after fracture surgery and its effect on circulating in-flammatory factors. Exp Ther Med 2018;15:859-63
- Moyao-Garcia D, Hernandex-Palacios JC, Ramirez-Mora JC, Nava-Ocampo AA. A pilot study of nalbu-phine versus tramadol administered through con-tinuous intravenous infusion for postoperative pain control in children. Acta Biomed 2009;80:124-30
- Kumar J, Sinha PK, Prasad BK, Simbha A. Compara-tive study of nalbuphine and tramadol for postopera-tive pain relief in patients of short surgical procedures under TIVA. Int J Contemp Med Res 2017;4:977-9
- Zhang Y, Jiang Q, Li T. Nalbuphine analgesic and an-ti-inflammatory effects on patients undergoing thora-coscopic lobectomy during the perioperative period. Exp Ther Med 2017;14:3117-21
- Chou R, Gordon DB, de Leon-Casasola OA, Rosen-berg JM, Bickler S, Brennan T, et al. Guidelines on the management of postoperative pain. Management of postoperative pain: a clinical practice guideline from the American Pain Society, the American Soci-ety of Regional Anesthesia and Pain Medicine, and the American Society of Anesthesiologists’ Commit-tee on Regional Anesthesia, Executive Committee, and Administrative Council. J Pain 2016;17:131-57
- Shokri H, Ali I. Nalbuphine versus morphine as part of intravenous anesthesia post cardiac surgery. J Anesth Clin Res 2014;5:463