7. Ұзақ мерзімді емдеу барысында портальдық гипертензиясы бар науқастардың өңеш көктамырларының варикозды кеңеюінің нәтижесінде қан кетудің қайталануын болжау және қауіп-қатер факторларын бағалау
Жүктеулер
Аңдатпа
Мақсаты: ұзақ мерзімді емдеу барысында өңеш пен асқазан көктамырларының варикозды кеңеюінің нәтижесінде қан кетудің кезеңдік эндоскопиялық профилактикасын жүргізу мақсатында ПГ ауырлық дәрежесін бағалауға арналған болжамалы критерийлерді дайындау.
Материалдар және әдістері. Бұл зерттеу жұмысы 2009-2019 жж. аралығында М. А. Топ-чибашев атындағы Ғылыми хирургия орталығына өңеш пен асқазан көктамырларының варикозды кеңеюі деген диагнозбен түскен 157 науқасты эндоскопиялық емдеу барысындағы нәтижелерді зерт-теуге негізделген. ПГ-ы бар науқастардың 111 (70,7%) — ер адамдар, 46 (29,3%) — әйел адамдар. Науқастардың жастары 31-ден 83 жасқа дейін түрленеді (орта есеппен 46,3±1,7 жас). Зерттеуге алынған науқастардың 77,7%-ның (122 науқастың) жасы 31-60 жасты құрайды, бұл зерттеуге алынған тұлғалардың арасында еңбекке қабілетті жастағы адамдардың басым екенін көрсетеді. . Әдебиеттерде осы сырқаттың операциядан кейінгі кезеңдерін болжауға арналған түрлі математикалық модельдер бар. Алайда бүгінгі таңда қайта қан кету рецидивін болжауға арналған мінсіз модель жоқ екенін айтып өтуіміз керек. Өйткені модельдің негізгі бөлігі клиникалық практика-да кең қолданыс тапқанға дейін дайындалғандықтан, қазіргі уақытта түзетулер мен тиісті өзгертулер енгізуді қажет етеді.
Кілт сөздер
портальдық гипертензия, қан кету, көктамырдың варикозды кеңеюі, эндоскопиялық гемо-стаз
Әдебиеттер тізімі
- Vinokurov M.M., Jakovleva Z.A., Buldakova L.V., Timofeeva M.S. Varikoznoe rasshirenie ven pish-hevoda i zheludka pri portal’noj gipertenzii. Jen-doskopicheskie metody ostanovki i profilaktiki krovotechenij // Fundamental’nye issledovanija, 2013, № 7-2, s.281-285
- Dzidzava I.I. Otdalennye rezul’taty hirurgicheskoj korrekcii portal’noj gipertenzii i prognosticheskie faktory vyzhivaemosti u bol’nyh cirrozom pecheni: Avtoref. dis. ... d-ra med. nauk. SPb., 2010, 46 s
- Wang C., Han J., Xiao L. et al. Efficacy of vaso-pressin/terlipressin and somatostatin/octreotide
- Kicenko E.A., Anisimov A.Ju., Andreev A.I. Sovre-mennoe sostojanie problemy krovotechenij iz varikozno-rasshirennyh ven pishhevoda i zheludka // Vestnik sovremennoj klinicheskoj mediciny, 2014, № 5, s. 89-98
- Kurbonov H.H Jendoskopicheskoe ligirovanie varikozno-rasshirennyh ven pishhevoda (VRVP) u bol’nyh cirrozom pecheni s ugrozoj pishhevodno-go krovotechenija // Problemy gastrojenterologii, 2014, №1, s.48-51
- Tripathi D., Stanley A., Hayes P. et al. U.K. guidelines on the management of variceal haemorrhage in cir-rhotic patients. // Gut., 2015, 64, p. 1680–1704
- Rustamov Ja.I., Jefendiev G.D.. Postroenie prog-nosticheskoj modeli bezotkaznoj raboty subarte-zianskih skvazhin. // Vestnik HNTU, Herson, 2015, № 3 (54), s. 179-183
- Junkerov V.I., Grigor’ev S.G. Matematiko-statis-ticheskaja obrabotka dannyh medicinskih issledo-vanij. SPb.: VMedA, 2002, 266 s