М.А. Эм

https://orcid.org/0009-0002-1221-2994

Табылған мақалалар: 1

  • Бел омыртқасының омыртқа-аралық диск грыжасын резорбциялау тәжірибесі (Шығарылым № 1, 2024)

    Н.С. Ахметов, Г.С. Кайшибаева, Қ.Е. Қазантаев, А.А. Султангулов, А.Б. Ташбенбетов, А.К. Шулгаубаев, М.А. Эм, М.А. Загайнова
    2024-05-21
    29–37
    Аңдатпа

    Өзектідігі. Бел омыртқасының дискілерінің грыжалары (жарық) төменгі арқадағы ауырсынудың ең көп таралған себептерінің бірі болып табылады, көп жағдайда ауырсыну мен клиникалық көріністердің төмендеуі грыжаның кішіреюі мен резорбциясымен байланысты. Грыжа резорбциясы-бұл хирургиялық емсіз грыжа мөлшерінің өздігімен мөлшерінің азаюы немесе толығымен жоюлу процесі.Бүгінгі күні грыжа резорбциясының патофизиологиялық процесіне әсер ететін бірқатар қарқынды физиотерапиялық әдістер бар, бұл консервативті емдеуді қолайлы етеді.

    Материалдар мен тәсілдер. "Expert Neuro" клиникасының базасында перспективалық бақылау зерттеуінің аясында 2023-2024 жылдар аралығында магнитті-резонанстық томография нәтижелері бойынша "бел омыртқасының омыртқа-аралық диск грыжасы" диагнозы расталған 30 науқасқа талдау жасалды. Науқастардың негізгі тобы заманауи жоғары қарқынды физиотерапиялық әдістерді қолдана отырып, консервативті ем алды, ал бақылау тобы консервативті емдеудің классикалық әдістерін алды.

    Нәтиже. Омыртқаның магнитті-резонанстық томография мәліметтері бойынша 3 науқаста грыжа дискінің резорбциясы дамыды. Барлық науқастарда радикулопатия белгілері 1 айдан кейін, ал төменгі арқадағы ауырсыну белгілері 2-3 айдан кейін төмендеді.

    Қорытынды. біздің клиникалық тәжірибемізге және тиісті әдебиеттерге сәйкес секвестрленген диск грыжалары жоғары резорбцияға ие. Қабыну мен регенерацияның патофизиологиялық процестері бұл құбылыстың негізгі механизмдері болып табылады. Нақты хирургиялық көрсеткіштер болмаған жағдайда, мұндай науқастарды консервативті әдістерімен емдеу жолдарын қарастырған жөн.

    Кілт сөздер

    резорбция, грыжа, омыртқааралық дискілер, физиотерапия