А. Қуанышбек
https://orcid.org/0000-0001-6431-5173
Табылған мақалалар: 1
-
Қанның жасанды айналымы кезіндегі жүрек-өкпе ауа айналымының механикалық желдету жоспарының стратегиясы реанимация бөліміндегі өкпе асқынуларының болжамды факторы ретінде (Шығарылым № 1, 2024)
И. Вахрушев, Т. Ли, А. Қуанышбек, Ш. Төлегенов, А. Жайлауова2024-05-2112–18Аңдатпа
Өзектідігі. Түйі нжасанды қан айналым кезіндегі қолданылатын кардиохирургиялық процедуралардан кейін өкпе асқынулары екінші орында тұр. Өкпе ателектазы операция себептерінен туындауы мүмкін, мысалы, ұзақ операция және анестезия уақыты 3-4 сағаттан асатын жағдайда, кеуде артериясын қолдану, операция кезінде жасанды қан айналымын қолдану және механикалық желдетудің мүмкін еместігі, сондай-ақ периоперативті кезеңде 4 немесе одан да көп құты эритроциттерінен қан құюы. Жүрек-өкпе айналымы кезінде механикалық желдетудің әсері әлі белгісіз.
Әдістері. бір орталықта перспективалық рандомизацияланған сынақ. Зерттеуге жүректің ишемиялық ауруы үшін стернотомия арқылы сорғыны пайдаланып жүрекке операция жасаған ересек пациенттер енгізілді. Пациенттер екі топқа бөлінді яғни рандомизацияланды бірінші топқа механикалық желдету қолданылды да, ал екінші топқа жасанды қан айналымы кезінде механикалық желдету берілмеді. Негізгі соңғы көрсеткіш желдету және перфузия сапасының көрсеткіші ретінде PaO2/FiO2 болды. Екінші соңғы көрсеткіште операциядан кейінгі өкпе асқынулары болды, мысалы, ателектаз және 72 сағаттан астам уақыт бойы механикалық желдету кезіндегі асқынулар.
Нәтижелері. қатарынан 190 пациентті, әр топта 92 және 98 науқас қатысты. Топтарда PaO2/FiO2 қатынасында айтарлықтай айырмашылық табылған жоқ р=0.591. Өкпенің ультрадыбыстық зерттеуінен кейін механикалық желдетусіз өткен топтағы p = 0.0001 көрсетіп ателектаздар саныайтарлықтай жоғары болды.
Қорытынды. жасанды қан айналым кезіндегі операция, өкпенің механикалық желдетуінсіз өткен жағдайда өкпе ателектазының жиілігі едәуір жоғары болады.
Кілт сөздер
механикалық желдету, жасанды қан айналымы, ателектаз