Bulletin of Surgery of Kazakhstan
№4 (2019)
№4 (2019)
Мақалада барокамералық гипоксияның әсерінен бүйрек үсті безінің және қалқанша безінің тіндік құрылымдарында жүретін морфофункционалдық өзгерістердің пато- және морфогенетикалық ерекшеліктерін зерттеу мақсатында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы мәліметтер келтіріледі. Зерттеу нысаны ретінде салмағы 180-200 грамды құрайтын ақ түсті ересек егеуқұйрықтардың аталықтары алынды. Зерттеу барысында анатомиялық, гистологиялық және морфометрикалық зерттеу әдістері пайдаланылды. Бүйрек үсті безінің және қалқанша безінің паренхималарын, бездердің стромаларын морфологиялық зерттеу кезінде жіті гипоксияның әсерінен барлық жануарларда диффуздық ісіну, микроциркуляторлық арнадағы тамырлардың жіті кеңеюі, қабырғалардың фрагментациясы, эндотели-алды қабат үздіксіздігінің бұзылуы, тамыр қабырғаларына қан плазмаларының енуі байқалды. Бұл дистрофиялық өзгерістер қалқанша безіне қарағанда, бүйрек үсті безінде айқын көрінеді. Мұның себебі, бүйрек үсті безі күйзеліс факторларына аса сезімтал, ал қалқанша безі гипоксияға ер-терек ұшырайды деп түсіндіріледі.
қалқанша безі, бүйрек үсті безі, жіті гипоксия
Қазіргі уақытта өкпенің буллезді эмфиземасына арналған жұмыстарда кейбір айырмашылықтар бар. Көп жағдайда СОӨА клиникалық нысаны болып табылатын буллезді эмфиземаны өкпе эмфиземасы көріністерінің бірі ретінде қарастырудың жалпы үрдісіне қарамастан, кейбір авторлар бұл патологияны жеке нозологиялық бірлікке бөлуді жақтайды. Бірақ бұл мәселе, өз кезегінде, осы патологияны сапалы диагностикалау мен емдеу мәселесін шешпейді. Қазіргі уақытта эпидемиология мәселелеріне және буллезді эмфиземаны емдеу туралы құрылымдалған деректерге арналған аздаған еңбектер бар, дегенмен, кейбір деректер бойынша, бұл патология популяция ара-сында үлкен маңызға ие. Бұл шолу мақалада өкпенің буллезді эмфиземасының этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, клиникалық көрінісі, диагностикасы және емдеу мәселелері қарастырылады.
өкпенің буллезді эмфизема-сы, өкпе булласылары, өкпе мөлшерінің хирургиялық редукциясы, клапанды бронхо-блокация
атындағы ҰҒХО сәулелі тәсілдермен Қазіргі медицинаның басты мәселелерінің бірі мидың қан тамырлары аурулары болып табылады. Нейрохирургиялық операциялардың саны мен сапасы өсүде. Біз миды тамырлы қанмен қамтамасыз ету құрылымының әр түрлі нұсқаларын қамтитын әдебиеттерді іздедік, классикалық емес түрлердің ішіндегі ең кең таралған нұсқасы ретінде ішкі каротид артериясының трифурациясы қызықтырды. Біз ИКА-ның артқы трифурациясының пайда болу жиілігін, оның функционалды маңыздылығын және цере-бральды қанмен қамтамасыз етудің бұзылыстары мен тамырлы ауытқулардың дамуына әсер етуді атап көрсетуге тырыстық. құрылымық ерекшеліктері, ми.
трифуркация, ішкі ұйқы артериясы, қан тамырларының құрылымық ерекшеліктері, ми
Материалдар мен әдістер. Секциялық материалдар сепсистен қайтыс болған 5 емделушілерде зерттелген: 4 әйелде (80%) және 1 ер адамда (20%). Бүйрек тініндегі гистологиялық құрылымдық өзгерістер гистохимиялық және иммуногистохимиялық әдістермен зерттелді. Патологоанатомиялық сою ерте кезеңде жүргізілді (қайтыс болғаннан кейін 1-6 сағаттан кейін). Бақылау тобы жазатай-ым оқиға салдарынан қайтыс болған дені сау адамдардың 10 бүйрегі болды. Парафин блоктарынан кесіктер жасалды. Парафин блоктарынан қалыңдығы 6 мкм кесілген және Anty-E қолданылған. Coli LPS antibody (2d7 / 1) 1/100, иммуноцитохимиялық әдістің көмегімен.
Нәтижелері. Гистохимиялық және иммунохимиялық зерттеу кезінде бүйректің проксимальді, дистальді арналарында және Генле ілмектерінің жасушаларында айқын өзгерістер байқалды. Келесі 1 (20%) пациентте проксимальды каналдарда 3 ( + + ) бояу, проксимальды және дистальды каналдарда 2 (40%)2(++) бояу, 1 (20%) 1 ( + ) әлсіз бояу байқалды. 1 (20%) пациентте бояу байқалмады.
Қорытынды. Бұл өзгерістер, ең алдымен, қабыну аймағында лимфоциттер жасушаларының жинақталуы нәтижесінде пайда болды. Осылайша, ЛПС(липополисахарид) эндоксиндерінің әсерімен бактериялық уыттану кезінде эпителиалды жасушаларда және сезімтал каналдарда қайтымсыз өзгерістер жиі байқалады, проксимальды каналдардың эпителиалды жасушаларының апикальды бөлігінде щеткалы жиектің микроторсиналарының фрагменттауымен қатар жүреді.
сепсис, эндотоксин ЛПС, Anty-e. Coli АВТОРЛАР ТУРАЛЫ Ибишова Арзу Вагифгызы – Әзірбайжан медициналық университеті
Аутосомды-доминантты поликистоздық бүйрек ауруы — ересектерде жиі байқалатын тұқым қуалайтын бүйрек ауруы болып табылады. Мәселенің өзектілігі — АДПБА кезіндегі кисталардың өсу және даму ерекшеліктері, қолданыстағы емдеу әдістерінің бүйрек және киста өлшемдерінің ұлғаюының алдын алуға қабілетсіз болуы. Осы мақалада АДПКА-ның жалпы сипаттамасы, АДПБА асқынған ағымының клиникалық жағдайының талдауы берілген.
аутосомды-доминантты поликистоздық бүйрек ауруы, бүйрек поликистозы
Жаңа қайта профилирленген туберкулезге қарсы дәрілердің химиотерапиясының фонында туберкулездің кеңейтілген дәріге төзімді түрі бар 22 науқасқа хирургиялық емдеу әдістерін қолдану тәжірибесінің нәтижелеріне талдау жүргізілді. Науқастардың өлім-жітімі 2 (9,0%) болса, 20 (91,0%) науқаста клиникалық хирургиялық тиімділік анықталды. Химиотерапияның толық курсынан өткен 14 науқастан 7 (31,8%) «Емделді», 5 (22,7%) «емдеу аяқталды», 2 (14,3%) «қайтыс болды» деген нәтижелер алынды. Қалған 8 (36,4%) науқас ем алуды жалғастырып жатыр. 12 (85,7%) науқаста «Емдеу сәтті өтті» деген қорытынды бар.
Дәріге төзімді туберку-лез, хирургиялық ем, жаңа және қайта профильденген дәрілермен химитерапия, резекциялық материал АВТОРЛАР ТУРАЛЫ Еримбетов Кулахмет Дильдахметұлы, ҚР ҰҒФО, көптеген дәрілерге төзімді өкпе туберкулезін хирургиялық емдеу бөлімшесінің хирург дәрігері
© Bulletin of Surgery of Kazakhstan
All rights reserved.
Republic of Kazakhstan
Email: editor@bsk.kz