Bulletin of Surgery of Kazakhstan
№3 (2021)
№3 (2021)
Бұл мақалада ЖИА-ның түрлі формалары бар науқастарды хирургиялық емдеудің нәтижелерін талдау, мио-кард реваскуляризациясының сапасы мен сенімділігін зерттеу, миокардтың эхокардиографиясы мен перфузиялық сцинтиграфиясын қолдану арқылы операциядан кейінгі ерте кезеңдегі коронарлық шунттардың өткізгіштігі мен функционалды өміршеңдігін бағалау келтірілген. Біздің зерттеуіміздегі ретроспективті материал соңғы жыл ішінде ЖИА бөлімшесінде ота жасалған, жүректің ишемиялық ауруы бар 130 науқасты хирургиялық емдеудің нәтижелеріне негізделген. Науқастардың барлығы стандартты хаттама бойынша қарап-тексерулерден өтті: электрокардиография, тәуліктік Холтер мониторингі, селективті коронаровентрикулография және шунтография, эхокардиография, операцияға дейінгі және одан кейінгі перфузиялық сцинтиграфия, миокардтың перфузиясын және жиырылуын және гипоперфузиясы бар миокард аймағындағы оның жіктелуін (ишемия, гибернация, тыртық) бағалауға арналған медикаментоздық жүктеме тесті.
жүректің ишемиялық ауруы, коронарлық шунттау, миокардтың перфузиясын бағалау Мансуров А, Халикулов Х, Ахмедов У, Мирзаев Х, Муртазаев С, Алиев Ш, Чернов Д, Илхомов О
Клиникалық бакылауда ішкі ұйқы артериясына ауыса отырып, жалпы ұйқы артериясының контузиясы мен стратификациясы бар мойынның енбейтін жарақаты көрсетілген. Жалпы және ішкі ұйқы артерияларының тромбозынан кейін ми жеткіліксіздігінің дамуының клиникалық көрінісі және реконструктивті операциядан кейін ми симптомдарының регрессиясы ұсынылған. Зақымдану механизмінің математикалық моделі бөлек талданады. Мойын жарақатсыз жарақат алған кезде, тиісті тіндерді тексеру міндетті болуы керек деген қорытынды жасалды.
мойынның жарақаты, тромбозы бар ұйқы артерияларының стратификациясы, реконструктивті хирургия
Осы мақалада өт жолдарының лапароскопиялық холицистэктомиядан кейінгі зақымдалуы туралы әдебиетке шолу ұсынылған. Лапараскопия өт жолдарында тас байланатын ауру түрлерін емдеудегі ең негізгі стандарт болып табылады. Бұл әдістің бірқатар артықшылықтары бар: инвазивтіліктің аз мөлшерде болуы , тез қалпына келу, ауру-ханада аз ғана уақыт жату, косметикалық әсері жақсы, өлім жағдайының өте аз кездесуі. Осы артықшылықтармен қатар асқынулардың саны да өсті: өт жолдарының,бауыр тамырларының зақымдануы, өт жұмысының нашарлауы, өт жолдарының тарылуы, өт жолдарын айдаудағы ақаулар және өт қабы айналымын дұрыс өңдемеу, іш қуысын жеткіліксіз түрде айдап шығару. Бүгінгі таңда хирургиялық емдеудің көптеген аспектілері және өт жолдары жарақаттарының алдын алу бүгінгі таңға дейін даулы мәселе болып келеді. Осы асқынулардың негізгі себептері: хирургтың тәжірибесінің жеткіліксіз болуы, ұқыпсыздық, бауыр қақпалары мен бауыр-дуоденальды байлам аймағындағы маңызды анатомиялық түзілімдердің негізгі нұсқалары мен мүмкін болатын ауытқуларын білмеу, техникалық қателіктер.
өт жолдарының ятрогенді жарақаты, өт жолдарының зақымдануы
Мақалада өкпе веналарының аномалды дренажының супракардиалды формаларын коррекциялау түрлері сипатталған. Бұл ақауды түзету әдістерінің бірі – Warden отасы, ол мына процестерді қамтиды: стернотомия-дан кейін жасанды қан айналымының қосылуы, кардиоплегия, жоғарғы көктамыр қуысы кесіледі, проксималды ұшы тігіледі. Одан кейін оң жақ атриотомия жасалады, жүрекше аралық қалқа ақауы арқылы аномалды дренаж мен сол жақ жүрекше арасындағы аутоперикардты жамау көмегімен анастомоз қалыптасады. Содан кейін оң жақ жүрекшенің құлақшасы мен жоғарғы қуыс көктамырының дистальды ұшы арасында анастомоз пайда болады. Нәтижесінде қан өкпенің аномалды көктамырларынан жүрекше аралық қалқа ақауы арқылы сол жақ жүрекшеге келе бастайды.
өкпе көктамырларының аномалды дренажы, Warden процедурасы
Перифериялық артериялардың аневризмасы жарылулар, қан кетулер, кейіннен ишемия орын алуы мүмкін тіндердің дисталды өзегінің тромбоэболиясы, неврологиялық бұзылыстар, жақын орналасқан жүйке діңдерінің қысымының салдары секілді ықтимал асқынуларымен қауіпті. Жарақаттар – перифериялық артериялар аневризмасының ең жиі тараған себептерінің бірі. Ятрогенді жарақаттар санының едәуір өсуіне ерекше назар аудару қажет. 2000-2019 жылдар аралығында 46 науқастың аяқ артериясына ота жасалды. Реконструктивті оталардың алуан түрлері орындалды. Науқастардың жалпы жасы 30-70 жас аралығын құрады, науқастардың орташа жасы 43,3±6,5 жасты құрады. Сан және тізеасты артерияларының жанамалас аневризмалық зақымдалуы бар барлық науқастардың 6-на (9,2%) ота жасалды. Отадан кейінгі жақын кезеңде перифериялық артериялардың аневризмасы бар науқастардың 91,5%-ында оң клиникалық нәтижелер анықталды. 4 (8,5%) науқаста асқынулардың дамуы байқалды. Ұзақ мерзімді нәтижелер 3 айдан 3 жылға дейінгі мерзімде бақыланды. Ультрадыбыстық бақылаумен толықтырылған клиникалық тексеру жүргізілді. Дисталды анастомоздың реконструкциясынан кейінгі дисталды анастомоздардағы тромбоздың 2 жағдайы анықталды.
перифериялық артерия аневризмасын хирургиялық емдеу, жалпы сан артериясының аневризмасы, тізеасты артериясы
Инсульт – өлім мен мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі. ДДҰ мәліметтері бойынша, инсульт пен цереброваскулярлық басқа аурулардан болатын өлім-жітім жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін екінші орында. Каротид артерияларының уақытылы реваскуляризациясы атеросклеротикалық генездің каротидті симптоматикалық стенозы бар емделушілерде цереброваскулярлық апат қаупін төмендетуде тиімді екені дәлелденді. Алайда, жоғары тиімділікке қарамастан, операциядан кейінгі және ұзақ мерзімді кезеңде ишемиялық инсульт қаупі бар. Бұл шолу каротидтық эндартерэктомия мен ұйқы артериясын стенттеуден кейінгі қайталанатын инсульт пен инсульттің дамуының болжаушылары туралы статистикалық деректерді ұсынады.
Инсультті болжаушылар, каротидті эндартерэктомия, ұйқы артерияларының стенттеу
Зерттеудің мақсаты - отадан кейінгі кезеңде жоспарланған жасанды қан айналымының ұзақтығы 2 сағаттан асатын, жабық контур арқылы операциялардың тиімділігін бағалау. Зерттеу
Материалдар мен әдістері. Клиникада жүргізілген зерттеуге мынадай диагноздар қойылған 10 науқас (орта есеппен 47-56 жас) қатысты: өрлеме қолқаның аневризмасы, өрлеме қолқаны протездеу опера-циялары жасалған ФК 3 аорталық қақпақшасының жеткіліксіздігі, коронарлық артериялардың реимплантация-сы бар қолқалық қақпақша. Науқастар 2 топқа бөлінді, 1-топ (5 науқас) – ашық жасанды қанайналым контуры пайдаланылған бақылау тобы, 2-топ (5 науқас) – жабық жасанды қанайналым контуры пайдаланылған науқастар. Екі топтағы жасанды қан айналымының жалпы уақыты 125-187 минутты құрады.
Нәтижелері. 2-топта бақылау тобымен салыстырғанда орташа 60-100 мл, қанның дренаждық шығындары едәуір төмендеді, мұнда орташа дренаждық шығындар 600-1500 мл. Бақылау тобындағы 43,4%-бен салыстырғанда, 2- науқастарда тромбоциттер саны бақылау тобына қарағанда жоғары болды.
Қорытынды. Бұл зерттеу жабық контурдың ашық контурмен салыстырғанда жоспарланған жасанды қан айналымының ұзақтығы 2-3 сағаттан асатын күрделі жүрек операцияларына мүмкіндік беретінін көрсетеді. Түйін сөздер жасанды қанайналым, бағалау.
жасанды қанайналым
Бұл мақалада пателлярлық дислокацияны артроскопиялық әдіспен емдеудің аз тәжірибесі жинақталған. Барлығы 2018 жылдан 2021 жылға дейін біз тізе буынына 450 артроскопиялық операция жасадық, оның ішінде дислокация жағдайында пателла тұрақтылығы 7 құрайды. Осылайша: бастапқы травматикалық дислокация кезінде біз 4 операция жасадық, әдеттегідей - 3. Пателланың дислокациясын минималді инвазиялық әдіспен жою үшін, артроскопия әдісін жүргізу арқылы емдеу, оң нәтиже алуға мүмкіндік береді деп санаймыз.
тізе тобығы, буынның шығып кетуі, артроскопия
Жүректің амбулаторлық мониторингі - бұл функционалды диагностиканың жылдам дамып келе жатқан саласы. Бүгінгі таңда жүрек мониторингісінің негізгі бағыты - электрокардиограмманы (ЭКГ) амбулаторлық мониторинг жасау - бұл көптеген сала дәрігерлерінің күнделікті қолданатын маңызды диагностикалық құралы. Сондықтан қазіргі кезде электрокардиографиялық бақылаудың тері сыртынан денеге тағатын да, тері асты технологиялары да кеңінен таралған. Бірқатар құрылғыларды науқастың терісінің астына қоюға болады және деректерді үйдегі таратқыштарға сымсыз жіберу мүмкіндігі бар, олар өз кезегінде бұлтты интерфейстер арқылы дәрігерге мәлімет береді, яғни олар науқастың жағдайын қашықтықтан бақылауға және қадағалауға мүмкіндік береді. Мұндай жүйелер АҚШ-та мақұлданған, сондай-ақ әлемнің әр түрлі елдерінде кеңінен қолданылады, сонымен қатар олар Еуропа мен Қазақстанда да науқастарды қашықтықтан бақылау үшін қолданылады. Әдеби шолу электрокардиограмманы тері астылық бақылаудың техникалық аспектілерін ұсынады, клиникалық қолданыста бар жүйелердің жұмысынан схемалық көрініс береді, осы әдістің артықшылықтарын, сонымен қатар тәжірибелік қолданыстағы имплантацияланатын жүрек мониторларының кемшіліктерін талқылайды. Кәсіби кардиологиялық қауымдастықтар мақұлдаған осы технологияның келешектегі даму мәселелері мен қолданыстағы құрылғыларды қолдануға көрсеткіштер қарастырылады. Контроль ритма сердца с помощью имплантируемых устройств. Чего мы достигли и что еще предстоит в современной аритмологии? Обзор литературыАвтор для корреспонденции:Бижанов К. А. – PhD докторант 3 курса, факультета медицины и здравоохранения, Казахского национального университета имени Аль-Фараби, Алматы, Казахстан. Аритмолог, интервенционный кардиолог отделения интервенци-онной кардиологии, аритмологии и эндоваскулярной хирургии, АО «На-циональный научный центр хирургии имени А. Н. Сызғанова», Алматы, Казахстан. E-mail: kenzhebek10@mail.ru.
амбулаторлық кардиологиялық бақылау, тері астындағы жүрек мониторлары, имплантацияланатын жүрек мониторлары, жүрек соғысы, инсульт, синкопе, жүрекше фибрилляциясы
© Bulletin of Surgery of Kazakhstan
All rights reserved.
Republic of Kazakhstan
Email: editor@bsk.kz