7. B-BCLC сатысындағы гепатоцеллюлярлы карциноманың емдеуінде трансартериалды химиоэмболизацияның рөлі
Жүктеулер
Аңдатпа
Гепатоцеллюлярлық карцинома - бұл бауырдың ең негізгі таралған патологиясы (> 85%), қолайсыз болжамды агрессивті курс.
Мақсаты: гепатоцеллюлярлық карциноманың аралық сатысында трансартериалды химиоэмболиясының нәтижелерін талдау.
Материалдар мен әдістер: Зерттеу 2013-2018 жылдардағы А. Н. Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» базасында өткізілді. Статистикалық есептеулер Excel, SPSS статистикасы бойынша Kaplan-Meier әдісін қолданып өмір сүру жылдамдығын бағалау арқылы орындалды.
Нәтижелері: Зерттеуде ГЦК бар 58 науқас BCLC аралық сатысында болды. Пациенттердің орташа жасы 60,4 жасты құрады. Бақылау кезеңі 6-64 ай болды. 58 науқасқа 103 ТАХЭ жасалынды. Химмиэмболизациядан кейін 8 науқас кейін ашық хирургиялық ота (бауырдың резек-циясы) жасалынды. ТАХЭ ден кейін бір жылдық өмір сүру көрсеткіші 42%, 2 жыл - 15% және 3 жыл - 5% боллды. 60 жастан 70 жасқа дейінгі жастағы науқастарда 3 жылдық және 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші 0% болды, 70 жастан асқан топтағы бір жылдық өмір сүру деңгейі 14,3% құрады. Чайлд-Пью шкаласы бойынша В кезеңіндегі пациенттердің өмір сүру деңгейі A кезеңіндегі науқастардан айтарлықтай төмен болған (82%ға қарсы 56 % 6 ай ішінде, 50%ға қарсы 31% бір жыл ішінде). АФП (> 1000 IU / ml) деңгейіндегі айқын байқалған топта статистикалық тұрғыдан айтарлықтай айырмашылықтар байқалды, бірінші ТАХЭ-ден бастап 18 айдан кейін Каплан-Меердің графиг көрсеткіші 0% көрсетті. TAXЭ ден кейін КT алты ай өткен соң 36 науқасқа зерттеу жүргізілді, оның ішінде 15 пациент формацияның мөлшерін азайту немесе түрлендіру түрінде оң динамикасын көрсетті, 6 науқаста теріс динамика болды.
Қорытынды: Зерт-телген науқастардың аздығына қарамастан, TAХЭ ГЦК-дің аралық сатысында жақсы нәтижелер көрсетті. Қарт жасы, бауыр дисфункциясының жоғары дәрежесі, сондай-ақ жоғары АФП көрсеткіші ГЦК-ның B-BCLC сатысында өмір сүру ұзақтығын айтарлықтай төмендететін қосымша факторлар болып саналады.
Кілт сөздер
Химиоэмболизация, Гепатоцел-люлярлы карцинома, ТАХЭ
Әдебиеттер тізімі
- Siegel R. et al. Cancer statistics, 2014 // CA. Cancer J. Clin. 2014.Vol. 64, № 1. P. 9–29;
- Ferlay J. et al. Cancer incidence and mortality world-wide: Sources, methods and major patterns in GLO-BOCAN2012 // Int. J. Cancer.
- Bray F. et al. Global estimates of cancer prevalence for 27 sites in the adult population in 2008 // Int. J. Cancer.
- Jin-Kyoung Oh, Hai-Rim Shin, Min Kyung Lim et al. Multiplicative synergistic risk of hepatocellular car-cinoma development among hepatitis B and C co-in-fected subjects in HBV endemic area: a community-based cohort study. BMC Cancer 2012; 12:452;
- Aliev, M.A., Sultanaliev, T.A., Seisembaev, M.A et al. The diagnosis and surgical treatment of cavern-ous hemangiomas of the liver. Vestn Khir Im I I Grek 1997; 156(4):12-16;
- Roccarina D, Majumdar A, Thorburn D, Davidson BR, Tsochatzis E, Gurusamy KS. Management of people with intermediate-stage hepatocellular carcinoma. Cochrane Database of Systematic Reviews 2017, Is-sue
- Farinati f et al. Early and very early hepatocellular car-cinoma: when and how much do staging and choice of treatment really matter? A multi-center study. BMC Cancer 2009; 9: 33
- Arizumi T. et al. Effectiveness of Sorafenib in Pa-tients with Transcatheter Arterial Chemoembolization (TACE) Refractory and Intermediate-Stage Hepa-tocellular Carcinoma // Liver Cancer TACE Refract. HCC Liver Cancer.
- Llovet J. M., Bruix J. Systematic review of random-ized trials for unresectable hepatocellular carcinoma: Chemoembolization improves survival. // Hepatology.
- Lencioni R. Management of hepatocellular carci-noma with transarterial chemoembolization in the era of systemic targeted therapy // Crit. Rev. Oncol. Hematol. Elsevier Ireland Ltd,
- Takayasu K. et al. Prospective cohort study of trans-arterial chemoembolization for unresectable hepato-cellular carcinoma in 8510 patients. // Gastroenterol-ogy.
- Burrel M. et al. Survival of patients with hepatocellu-lar carcinoma treated by transarterial chemoemboli-sation (TACE) using Drug Eluting Beads. Implications for clinical practice and trial design. //J. Hepatol.
- Llovet J. M. et al. Sorafenib in advanced hepatocel-lular carcinoma. // N. Engl. J. Med.