5. Жалғыз қалған оң бүйректің рецидивті бүйрек-жасушалық карциномасы: орган сақтау отасы
Жүктеулер
Аңдатпа
57 жасар науқас ауруханаға түскен кезде оң бүйрегінде ультрадыбыстық зерттеу бойынша 3 ісік табылған және науқаста еш қандай клиникалық симптом болмаған. Анамнезі бойынша науқасқа 5 жыл бұрын сол бүйректін бүйрек-жасушалық қатерлі ісігі себебінен нефрэктомия отасы жасалынған. Келіп түскен кезінде лабораториялық көрсеткіштер дұрыс болған. Д. З. Байгуисова – сәулелі диагностика дәрігері, сәулелі диагностика бөлімшесінің меңгерушісі (dina_gallyamova@mail.ru. 87017719371). Науқасқа орган сақтау отасы жасалынды – ісіктердің барлығы толығымен кесіп алынды. Әр резекциядан кейін артериальді қан айналымы уақытша 10 минутке дейін қалпына келтірілді. Бұл техниканы «старт-пауза» техникасы деп атадық. Осымен гемостаздын бақылауы жақсы болды. Жылу ишемиясының жалпы уақыты 18 минут болды. Жалпы қан кетуі 200 мл болды. Науқастың жағдайы бір қалыпты болды және гемодиализ қажет болмады. Науқас отадан кейінгі 11 тәулікте үйге шығарылды. Жалғыз қалған бүйректің бүйрек-жасушалық карциномасының емі дәрігерге де наукасқа да өте қиын тандау бо-лып саналады, өйткені барлығы қойылған басты мақсатқа байланысты – орган сақтау отасы немесе радикальді ота жасау, екі жағдайда да ұзақ мерзімде әртүрлі нәтижелері болады.
Кілт сөздер
бүйрек-жасушалық карцинома, жалғыз қалған бүрек, резекция, ишемия уақыты
Әдебиеттер тізімі
- Jemal A, Murray T, Ward E, et al. Cancer statistics,
- Janzen NK, Kim HL, Figlin RA, Belldegrun AS. Surveil-lance after radical or partial nephrectomy for local-ized renal cell carcinoma and management of recur-rent disease. Urol Clin North Am. 2003;30:843–852
- McNichols DW, Segura JW, DeWeerd JH. Renal cell carcinoma: long-term survival and late recurrence. J Urol. 1981;126:17–23
- Ljungberg B, Alamdari FI, Rasmuson T, Roos G. Follow-up guidelines for nonmetastatic renal cell carcinoma based on the occurrence of metastases after radical nephrectomy. BJU Int. 1999;84:405– 411
- Levy DA, Slaton JW, Swanson DA, Dinney CP. Stage specific guidelines for surveillance after radical nephrectomy for local renal cell carcinoma. J Urol. 1998;159:1163–1167
- Lam JS, Leppert JT, Figlin RA, Belldegrun AS. Sur-veillance following radical or partial nephrectomy for renal cell carcinoma. Curr Urol Rep. 2005;6:7–18
- Lam JS, Leppert JT, Figlin RA, Belldegrun AS. Sur-veillance following radical or partial nephrectomy for renal cell carcinoma. Curr Urol Rep. 2005;6:7–18
- Bani-Hani AH, Leibovich BC, Lohse CM, et al. As-sociation with contralateral recurrence following ne-phrectomy for renal cell carcinoma using a cohort of 2352 patients. J Urol. 2005;173:391–4