5. Лапароскопиялық және дәстүрлі шап жарығының пластикасы нәтижелерін салыстырмалы талдау
Жүктеулер
Аңдатпа
Материал және әдістер. 2017 жылғы қаңтардан 2020 жылғы желтоқсан айына дейін А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында 137 науқасқа жоспарлы түрде шап жарығы бойынша ота жасалды. Барлық науқастар негізгі 2 топқа бөлінді - дәстүрлі және лапароскопиялық әдіспен ота жасалғандар.
Нәтижелер. Талдау деректері герниопластиканың лапароскопиялық әдісінің дәстүрлі әдісіне қарағанда артықшылығының болуына көз жеткізеді.
Қорытынды. Екі топтағы науқастардың көрсеткіштерін салыстырмалы талдау негізінде лапароскопиялық гер-ниопластика бойынша операцияның ұзақтығы 92,3 минутты құрайды, бұл дәстүрлі әдістермен салыстырғанда айтарлықтай ұзағырақ, яғни 79,4 минут. Осыған қарамастан, лапароскопиялық герниопластика бойынша операциядан кейінгі кезеңде анальгетикалық терапияның ұзақтығы 2,4 күнді, ал операциядан кейін ауруханада болу ұзақтығы 3 күнді құрайды, бұл дәстүрлі әдістермен салыстырғанда әлдеқайда аз, операциядан кейінгі кезеңде анальгетикалық терапия ұзақтығы, кезеңі 3, 3 күн, ал операциядан кейін ауруханада болу ұзақтығы 4,6 күн болды. Бұл талдау лапароскопиялық герниопластиканың дәстүрлі әдістерден артықшылығы бар екенін көрсетеді.
Кілт сөздер
шап жарығы, лапароскопиялық герниопластика
Әдебиеттер тізімі
- Zhebrovsky V.V., Elbashir M.T. Surgery of abdominal hernias and eventrations / Simferopol, 2002. -438 p
- Plastic surgery of the inguinal canal according to Liechtenstein and its modifications / D.V. Chizhov [and others] // Herniology. - 2004. - No. 1. - P. 43–51
- Yoffe I.L. Surgical treatment of inguinal hernias / -Moscow: Medicine, 1968 .- 172 p
- Egiev V. N. Tension-free hernioplasty. - M .: Medprak-tika, 2002 .-148 p
- Chizhov D.V. [and others]. Plastics of the inguinal ca-nal according to Liechtenstein and its modifications // Herniology. - 2004. - No. 1. - P. 43–51
- Protasov A.V. [et al.]. Features of classifications of hernias in modern surgery (literature review) // Endo-scopic surgery. – 2007. - No. 4. - P. 49–52