Жедел обструктивті холецистит кезінде тері және бауыр арқылы өтетін холецистостомияның тиімділігі
Жүктеулер
Аңдатпа
Жедел обтурациялық холецистит – өлім-жітім және асқыну қаупі жоғары кең таралған ауру. Жанама аурулары бар егде жастағы науқастарға жедел холецистит кезінде, қазіргі уақыттағы хирургиялық тактика, ашық және лапароскопиялық қол жетімділік айтарлықтай қауіп төндіреді. Біздің зерттеуіміздің мақсаты - жедел обструктивті холецистит кезінде тері бауыр арқылы қойылатын холецистостомияның тиімділігі және одан кейінгі лапароскопиялық холецистэктомияны талдау.
Материал және әдістер. Біз ретроспективті түрде А. Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО-да 2017 жылдан 2021 жылдар аралығында жедел обтурациялық холециститпен емделген 64 науқасты талдадық, оларды хирургиялық емдеу көлеміне байланысты 2 топқа бөлдік. Бірінші топ науқастарына: бірінші кезеңде ТБХС (N=29), екінші кезеңде, 3 күннен 72 күн аралығында күту мерзімі өткеннен кейін ЛХЭ жасалды. Екінші топ науқастарына: өт қабын дренаждамай ЛХЭ жасаған науқастар (N=35). Сондай-ақ, бірінші топтағы науқастар күту уақытына байланысты 3 топшаға бөлінді: А топшасы - ЛХЭ ТБХС орнатылғаннан кейін 10 күн ішінде орындалды, В топшасы - ЛХЭ ТБХС орнатылғаннан кейін 2 аптадан 4 апта аралығында орындалды (N=12), С топшасы - ЛХЭ ТБХС - тан кейін 4 аптадан кейін орындалды. Операция алдындағы, операция кезіндегі деректер және операциядан кейінгі асқынулар талданды.
Нәтижелер. Операция алдындағы мәліметтер мен дене қызуында, зертханалық мәліметтерде, қосалқы ауруларда және сәйкес өрісте айтарлықтай айырмашылық анықталған жоқ. Статистикалық айырмашылық тек науқастардың жасында анықталды (65.3±9,0 vs 53,4±15,4). ЛХЭ операция ұзақтығы бірінші топпен салыстырғанда, екінші топта ұзағырақ болды, бірақ айтарлықтай айырмашылық анықталмады (108,1 ± 30,5 vs 117,9 ± 39,9). ЛХЭ-дан соң операциядан кейінгі кезеңде 5 (14,2%) жағдайда асқынулар байқалды: 4 (11,4%) жағдайда қан кету және 1 (2,8%) жағдайда операциядан кейінгі жараның іріңдеуі. Операциядан кейінгі жараның іріңдеуіне байланысты жара, қайталама кернеумен жазылды. Лапаротомияға конверсия 10 (15,6%) жағдайда жүргізілді, бір (1,5%) жағдайда операция ағымында холедохтың қабырғасы зақымдалды. Сондай-ақ, А, В және С топтары арасында айтарлықтай айырмашылық анықталған жоқ.
Қорытынды. Осылайша, жедел обструктивті холецистит кезінде екі сатылы емдеуді қолдану (ТБХС, ЛХЭ) ашық операцияға конверсияны едәуір азайтады, операциядан кейінгі асқынуды сенімді түрде азайтады және операциядан кейінгі кезеңде төсек-орын күндерін азайтады. Біздің зерттеу нәтижелерімізге сәйкес, ТБХС пен ЛХЭ арасындағы ең оңтайлы аралық мерзімі 4 аптадан астам уақыт.
Кілт сөздер
жедел обтурациялық холецистит, тері бауыр арқылы холецистосто-мия, лапароскопиялық холецистэк-томия, өт тас ауруы
Әдебиеттер тізімі
- Kim Ho, Ho Song B., Yoo Ch., Ho Shin J. Impact of delayed LCE after percutaneous transhepatic gallbladder drainage on patients with complicated acute cholecystitis. Surgical Laparoscopic Endoscopic Percutaneous Technique. (2009) 19:20-4. 10.1097/SLE.0b013e318188e2fe
- Jung W.H., Pak DE. Timing of cholecystectomy after percutaneous cholecystostomy in acute cholecystitis. Korean Gastroenterol J. (2015) 66:209-14. 10.4166/kjg.2015.66.4.209
- Altieri M.S., Yang J., Ying D., Brant L.M., Talamini M.A., Pryor A.D. Early cholecystectomy (= 8 weeks) after the installation of a percutaneous cholecystostomy tube is associated with a higher incidence. Surgical Endoscope. (2019) 34:3057-63. 10.1007/s00464-019-07050- 3