1. Қарапайым бүйрек кистасын ретроперитонеоскопиялық алып тастаудағы тәжірибеміз: артықшылықтары мен кемшіліктері
Жүктеулер
Аңдатпа
Мақсаты. Клиникалық тәжірибеде бүйрек кисталарын хирургиялық емдеу үшін перкутанды-ретроперитональды әдістің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау.
Материал және әдістер. 09.01.2020-30.11.2021ж.ж. аралығында біздің орталықта 25 науқасқа бүйрек кисталарының ретроперитонеальді эндоскопиялық резекциясы жасалды. Хирургиялық әдіс Лесгафт-Грунфельд үшбұрышы арқылы жасалды. Операция алдында барлық науқастар бүйрек кистасы бойынша жасалатын стандартты тексеруден өтті.
Нәтижелер. Барлық пациенттерге стандартты техникаға сәйкес ретроперитонеоскопиялық жол жасалды. Барлық операциялар эндоскопиялық әдіспен ашық операцияға ауыстырылмай аяқталды. Операцияның орташа ұзақтығы 25,45±2,55 минутты құрады. Операция кезіндегі қан кету орташа есеппен 20,4±0,6 мл құрады. Қосымша шаралар қажет ететін операциядан кейін ерте және кейінгі асқынулар болған жоқ. Ауруханада болу уақыты орташа есеппен 4 төсек-күнді құрады, ал науқастар қысқа мерзімде еңбек қызметін бастады. Барлық науқастар отадан кейін 12 ай бойы бақылауда болды.
Қорытынды. Ретроперитонеальді эндоскопиялық әдіс бүйрек кисталарын хирургиялық емдеуде лапароскопиялық әдіске жақсы альтернатива болып табылады, бірақ жарақаты азырақ, хирургиялық жолмен құрсақ қуысына енбейді. Пациенттер үшін қалпына келу кезеңі лапароскопиялық әдіске сәйкес уақыт алады. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген әдіс жақсы косметикалық әсерге ие. Тағы бір маңызды жағы - ретроперитонеоскопия көмегімен көмірқышқыл газының жоғары қысымын қамтамасыз етуге болады, атап айтқанда, жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарда іш қуысында қысым қажет емес.
Кілт сөздер
ретроперитонеальді эндоскопиялық әдіс, резекция
Әдебиеттер тізімі
- Hanash K.A., Al-Othman K., Mokhtar A., Al-Ghamdi A., Aslam M. «Laparoscopic ablation of giant renal cyst». J Endourol, 17 (2003), pp. 781-784
- Rane А. Laparoscopic management of symptomatic simple renal cysts. IntUrolNephrol, 36 (2004), pp. 5-9
- Liu А., Pan B., Zheng S., Xu A. «Laparoen doscopic single-site surgery for symptomatic renal cyst decortication using a homemade glove port device: initial experience» Urol Int, 89 (2012), pp. 180-184
- Shicong Lai, Xin Xu, Tongxiang Diao, Binbin Jiao, Zhaoqiang Jiang and Guan Zhang. “The efficacy of retroperitoneal laparoscopic deroofing of simple renal cyst with perirenal fat tissue wadding technique” Medicine (Baltimore). 2017 Oct; 96(41): e8259
- Atug F., Burgess S.V., Ruiz-Deya G., Mendes-Torres F., Castle E.P., Thomas R. Long-term durability of laparoscopic decortication of symptomatic renal cysts. Urology, 68 (2006), pp. 272-275
- Kaouk J.H., Autorino R., Kim F.J., Han D.H., Lee S.W., Yinghao S. et al. Laparoendoscopic single-site surgery in urology. worldwide multi-institutional analysis of 1076 cases Eur Urol, 60 (2011), pp. 998-1005
- Pearle M.S., Traxer O., Cadeddu J.A. Renal cystic disease: laparoscopic management. Urol Clin North Am, 27 (2000), pp. 661-673
- Ferzli G., Raboy A., Kleinerman D., Albert P. Extraperitoneal endoscopic pelvic lymph node dissection vs. laparoscopic lymph node dissection in the staging of prostatic and bladder carcinoma. J Laparoendosc Surg, 2 (1992), pp. 219-222
- Porpiglia F., Fiori C., Billia M. et al. Retroperitoneal decortication of simple renal cysts vs decortication with wadding using perirenal fat tissue: results of a prospective randomized trial. BJU Int 2009;103:1532–6
- El-Shazly M., Allam A., Hathout B. Laparoscopic decortication of simple renal cyst with omental wadding technique: single-center experience. J Laparoendosc Adv Surg Tech A 2012;22:886–8