Көрсету  №3 (2020)

Bulletin of Surgery of Kazakhstan

№3 (2020)

Статьи

  • 1. Жақсы ғылыми менеджмент медицинадағы ғылыми жобалардың табысты іске асырылуының негізі ретінде

    І.Е. Сағатов, Б.Б. Баймаханов, Ұ.Ш. Медеубеков, А.Н. Нұрғалиева, А.А. Рахымжанова
    5–9
    Аңдатпа

    Рахымжанова Ақмарал Әділханқызы – А. Н. Сызганов атындағы ҰҒХО-ң аға ғылыми қызметкері Мақалада А. Н. Сызганов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының ғылыми-зерттеу жұмыстарының соңғы 3 жылдағы нәтижелері көрсетілген. Салыстырмалы аспектіде клиниканың мақсатты қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми жобаларға қатысуы, ғылыми публикациялардың таралуы, негізгі мақсатты индикаторлар мен олардың жетістіктері, көп орталықты клиникалық зерттеулерге қатысу, биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияның қызметі, инновациялық технологиялар трансферті және «Қазақстан хирургиясы хабаршысы» журналының жарық көруі сипатталған.

    Кілт сөздер

    ғылыми менеджмент

  • 2. А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО- клиникалық-диагностикалық зертханасында 2018-2019 жж. орындалған зертханалық зерттеулердің сапасын талдау

    G.B. - Head of the CDL of JSC Ablilova, Syzganov NSCS “; “A.N., N.K. - Doctor-laboratory assistant Ibraeva, JSC “ A.N. Syzganov NSCS “ of
    10–12
    Аңдатпа

    Бұл зерттеудің мақсаты – А. Н. Сызғанов ат. ҰҒХО клиникалық-диагностикалық зертханасындағы зертханалық зерттеулердің сапасын бағалау, ондағы мәселелерді және сапасын жақсартудың ықтимал мүмкіндіктерін айқындау. Зерттеудің нәтижесінде жиі кездесетін қателіктер преаналитикалық және аналитикалық процестерде болғаны анықталды, бұл зерттеулер әдебиеттердегі мәліметтермен сәйкес. КДЗ-ға зертханалық ақпараттық жүйенің енгізілуі зертханалық зерттеулердің сенімді әрі тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік берді.

    Кілт сөздер

    клиникалық-диагностикалық зертхана, преаналитикалық және аналитикалық процесс

  • 3. Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды диагностикалау тәжірибесінен алынған жағдай

    А.Д. Нурахова, Г.Б. Абдилова, Ж.З. Жақыпқалиева
    13–16
    Аңдатпа

    Біз аралас жыныстық инфекция диагнозы туралы хабарлап отырамыз. Жоғарыда көрсетілген жағдайда, аралас флорадан туындаған урогенитальды инфекцияларды диагностикалау туралы мәселе көтеріледі. Диагнозды кешенді түрде қабылдау қажеттілігі туралы және несеп-жыныс жолдарының созылмалы қабыну аурулары бар науқастарды басқару туралы қорытынды жасалды. Диагностикалық және емдеу технологияларын енгізуде пән аралық интегра-ция қағидаларын сақтап, науқастардың урологиялық гинекологиялық және репродуктивті денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

    Кілт сөздер

    трихомонас инфекциясы, хла-мидиалды инфекция, жанама иммунофлуоресценттік реак-ция

  • 4. Урогенитальды хламидиялық инфекцияның серологиялық диагностикасында тікелей иммунофлюоресценция реакциясын қолдану

    А.Д. Нурахова, Г.Б. Абдилова, Ж.З. Жақыпқалиева
    17–21
    Аңдатпа

    Біз аралас жыныстық инфекция диагнозы туралы хабарлап отырамыз. Жоғарыда көрсетілген жағдайда, аралас флорадан туындаған урогенитальды инфекцияларды диагностикалау туралы мәселе көтеріледі. Диагнозды кешенді түрде қабылдау қажеттілігі туралы және несеп-жыныс жолдарының созылмалы қабыну аурулары бар науқастарды басқару туралы қорытынды жасалды. Диагностикалық және емдеу технологияларын енгізуде пән аралық интегра-ция қағидаларын сақтап, науқастардың урологиялық гинекологиялық және репродуктивті денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

    Кілт сөздер

    трихомонас инфекциясы, хла-мидиалды инфекция, жанама иммунофлуоресценттік реак-ция

  • 5. Диабеттік ангиопатияны емдеудегі фибринолитиялық лимфостимуляция

    С.Д. Алиев, А.Я. Мамедзаде, М.Х. Алиев, Ш.М. Гусейнова, У.И. Ахмедзаде
    22–27
    Аңдатпа

    : қантты төмендету терапиясы кешеніне урокиназа медакты қосу лимфаның ұйығыштық потенциалының айтарлықтай төмендеуіне және липопероксидация белсенуіне ықпал етіп қана қоймай, сондай-ақ тіндердің лимфатикалық дренажын күшейтті. фа, ұйығыштық, липоперокси-дация, тіндердің лимфатикалық.

    Кілт сөздер

    диабетикалық ангиопатия, лим-фа, ұйығыштық, липоперокси-дация, тіндердің лимфатикалық дренажы

  • 6. Өкпе эхинококкозын анықтау және емдеу

    Б.К. Ширтаев, М.М. Сундетов, Д.Р. Курбанов, Н.Ж. Еримова, К.У. Халыков, С.Д. Акылбеков
    28–31
    Аңдатпа

    Осы жұмыста өкпе эхиноккозы бар 676 науқастың емдеу нәтижелері ұсынылған. Өкпеден, өкпеден және құрсақ қуысы мүшелерінен бір мезеттік және кезеңдік екі жақты эхинококкэктомия әдістері және Албендозол хи-миотерапиясы пайдаланылды. Оталардың жарақаттылығын төмендету әдістері ұсынылды.

    Кілт сөздер

    Өкпе эхинококкозы, видеоторакоскопиялық эхинокок-кэктомия, трансмедиастинальдық қолжетімділік, альбендозол

  • 7. Бауыр эхинококкозымен ауыратын науқастарды диагностикалау және хирургиялық емдеу әдістерін ұйымдастыруды жетілдіру

    Ш.А. Каниев, Ж.Б. Баймаханов, М.О. Досханов, Е. Серикулы, А.С. Скакбаев, Б.Т. Аскеев, А.С. Мусина, Ч.Т. Садыков, Р.A. Барлыбай, У.Ш. Медеубеков, Г.К. Каусова, М.А. Сейсембаев, Б.Б. Баймаханов
    32–35
    Аңдатпа

    Кіріспе. Емдеусіз қалған бауыр эхинококкозы, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Бауыр эхинококкозын диа-гностикалау мен емдеудегі жетістіктерге қарамастан, диагноз қою және емдеудің оңтайлы әдістері жайлы сұрақ ашық күйінде қалып отыр. Әдістері. А. Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО-да 2017 жылғы қаңтардан бастап 2019 жылғы шілдеге дейін «бауыр эхинококкозын емдеудің ғылыми негізделген оңтайлы хирургиялық және дәрі-дәрмектік әдістерін әзірлеу» тақырыбында ғылыми-техникалық жобаны іске асыру шеңберінде бауырдың эхинококкозы диа-гнозымен 111 пациент емделді.

    Нәтижелері. Бауырдың эхинококкозы бар пациенттерді емдеу әр нақты жағдайда терапияның әртүрлі нұсқаларының ықтимал комбинациясын қарастыра отырып, жеке тәсілді (2-кесте) қамтиды орталығы» АҚ басқарма төрағасы.

    Кілт сөздер

    бауыр эхинококкозы, перици-стэктомия, паразиттік бауыр ауруы

  • 8. Перифериялық артериялар аневризмасының клиникалық-академиялық аспектілері (Әдебиеттерге шолу) 1-бөлім

    Кhanchi Mead, A.Zh Matkerimov, T.N. Demeuov, A.A. Baubekov, M.A. Zhakubayev, A.S. Tergeussizov, T.K. Tajibayev, N.N. Yerkinbaev, R.O. Makkamov, A.Y. Saduakas, A.S. Shamshiev
    36–47
    Аңдатпа

    Шолуда түрлі этиологиядағы және локализациядағы перифериялық артериялар аневризмасын бағалаудың заманауи критерийлері туралы мәліметтер берілген. Перифериялық аневризмалардың дамуының кең таралған себептерінің бірі – жарақат. Ятрогенді жарақаттар санының артуына ерек-ше назар аудару қажет. Соңғы жылдары түрлі этиологиядағы перифериялық артериялар аневриз-масы кезінде күрделі реконструктивтік араласулар енгізілді. Бұл операцияларды орындау кезінде хирург кезігетін қиындықтар аневризманың анатомиялық нұсқаларының алуан түрлілігіне, осы пато-логия кезінде туындайтын гемодинамикалық бұзылыстардың ауырлығына, сондай-ақ топографиялық-анатомиялық әрекеттестіктің күрделілігіне байланысты. Жоғарыда мазмұндалғандардың барлығы осы ауруларды хирургиялық емдеудің нәтижелерін және диагностикасын жақсарту мақсатында осы аурудың клиникалық көрінісін, патогенезін, этиологиясын ары қарай зерттеудің қажеттілігін айқындайды.

    Кілт сөздер

    Тамыр қабырғасының морфо-функциональды құрылымы және оның аневризма патогенезіндегі рөлі

  • 9. Тік ішектің, жатырдың және қынаптың пролапсындағы жамбас түбін қалпына келтірудің жаңа технологияларын қолдана отырып хирургиялық емдеу мәселелерін талқылау (әдебиеттерге шолу)

    Kh.N. Musaev, M.M. Mamedov, F.M. Shirinova
    48–55
    Аңдатпа

    Қазіргі уақытта вагинальды қабырғалардың пролапсы жыныстық-жатыр мойны және ректова-гинальды фассияның жарылуы, сондай-ақ олардың жамбас қабырғаларынан бөлінуі нәтижесінде қарастырылады, аурудың рецидивтерінің жоғары пайызын ескере отырып, хирургтардың көпшілігі про-лапсты хирургиялық емдеудің аралас әдістерін қалайды. Бұл араласуларға жамбас түбін нығайту, және жатырды, жатыр мойнының діңін немесе қынап күмбезін бір жолмен бекіту кіреді. Алайда қолданыстағы аралас әдістер де әрдайым пациенттердің толық сауығуына ықпал ете бермейді, өйткені олар әрдайым көрші ағзалардың функционалдық бұзылуларын жоймайды және алдын алмайды. Шолу кезінде тік ішектің, жатырдың және қынаптың пролапсымен жамбас түбін хирургиялық емдеу туралы мәліметтер келтірілген. Жоғарыда келтірілген әдебиет деректерін жалпы бағалау ісік емес этиологияның перинэя ауруы бар әйелдерді хирургиялық оңалту кезінде бірқатар қиындықтар мен шешілмеген мәселелердің болуын болжайды. Ширинова Ф. М. - Әзірбайжан медициналық университетінің хирургиялық.

    Кілт сөздер

    тік ішектің төмен түсуі, генитальдың пролапсы, қынап