Bulletin of Surgery of Kazakhstan
№2 (2023)
№2 (2023)
Жұмыстың
мақсаты. периампулярлық аймақ ісіктері үшін лапароскопиялық ГПДР орындылығын анықтау. Материал мен әдістері. 2016-2022 жылдар аралығында А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығында периампулярлық аймақтың ісігі диагнозы қойылған 193 пациентке ГПДР жасалды. Оның ішінде 6 науқасқа лапароскопиялық жолмен жасалды. Лапароскопиялық ГПДР жасалған барлық науқастар әйелдер болды. Науқастардың жасы 15-тен 77 жас аралығында болды (орташа жасы – 55,7 жас).
Нәтижелер. Науқастардың 4-де (66,7%) үлкен емізікшесінің қатерлі ісігі, 2-де (33,3%) ұйқы безі басының қатерлі ісігі анықталды. Гистологияның соңғы деректеріне сәйкес, барлық жағдайларда аденокарцинома және G2 дифференциация дәрежесі анықталды. Ісіктің гистологиясы мен мөлшері туралы мәліметтер 1-кестеде келтірілген. Пациенттердің орташа жасы 55,7 жасты құрады. Операцияға дейін барлық науқастарда механикалық сарғаю клиникасы байқалды; қандағы билирубиннің орташа деңгейі 121,3 мкмоль/л құрады. Бүкіл науқастарға өт жолдарын дренаждау операциялары жасалды. Оның ішінде 5 (83,3%) науқаска тері-бауыр арқылы холангиостомия және 1 (16,7%) науқасқа эндобилиарлы стенттеу жүргізілді.
Қорытынды. Осылайша, біз лапароскопиялық ГПДР бойынша алғашқы тәжірибемізді ұсындық. Біздің нәтижелеріміз белгілі бір жағдайларда периампулярлық аймақ ісіктерінде лапароскопиялық ГПДР-дің қауіпсіз және түбегейлі орындылығын көрсетеді. Мұндай оталарды жасауда тәжірибеніарттыру, нәтижелердің жақсаруына және операциядан кейінгі асқынулардың, операцияның ұзақтығының төмендеуіне әкеледі.
гастропанкреатодуоденалдық резекция, лапароскопиялық, панкреатикоеюноанастомоз, ұйқы безінің консистенциясы, ұйқы безі түтігінің диаметрі
Мақалада сирек кездесетін клиникалық бақылау, жұптасқан және жұпталмаған бұтақтардың (целиакия діңі, жоғарғы шажырқай және бүйрек артериялары) қатысуымен қолқаның супраренальды бөлігінің микотикалық (инфекциялық) аневризмасына хирургиялық араласудың әдеби шолуы келтірілген. Авторлар аорта зақымдануының клиникалық ағымының ерекшеліктерін (ас қорыту жүйесінің созылмалы ишемиясы, вазоренальды гипертензия), аурудың даму механизмдерін атап өтеді және қолқаның торакоабдоминальды бөлігін ашық қалпына келтіру қажеттілігін көрсетеді.
микотикалық аневризма, висцеральды тармақтар Mycotic aneurysm of the suprarenal aorta, celiac trunk and superior mesenteric artery. Case study
Соңғы 30 жылдағы бауырдың отаға жасауға келмейтін альвеолярлы эхинококкозын анықтау және емдеу тақырыбындағы басылымға жүйелі шолу, ота жасауға келмейтін бауыр альвеококкозын емдеудің әртүрлі әдістерінің тиімділігін зерттеу. Біз әдебиет деректерді жүйелі түрде іздестірдік және Google Scholar, PubMed дереккөздерін, сондай-ақ ағылшын және орыс тілдеріндегі зерттеу жұмыстары мен онлайн оқу басылымдарын таңдадық. Біздің әдебиет шолуымызға 120 жұмыс енгізілді, онда жұмыс істемейтін бауыр альвеококкозы бар авторлардың мәліметтері бойынша 883 пациент сипатталған, 120 мақаланың ішінен: толық мақалалар - 29, әдеби шолулар – 23, клиникалық жағдайларды сипаттау-68. Мақала авторлары Түркия (26%), Франция (24%), Германия (20%), Қытай (18%), Англия (6%), Жапония (5%) және Еуропа мен Азияның басқа елдерінен болды.
альвеококкоз, бауырдың ота жасауға келмейтін альвеококкозы, альбендазол, бауыр трансплантациясы, Казахский Национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан
Мақсаты: троакарлы жарықтардың пайда болу жиілігіне хирургия бөлімшелеріне жедел түрде қысылған жарық диагнозымен жеткізілген науқастарға анализ жасау.
Материалдар мен әдістері. Ретроспективті және проспективті зерттеу. Бақылау уақыты 10 жыл. Қысылған жарық диагнозымен науқастарға статистикалық анализ жүргізілді. Науқастар 1448 адам арасынан іріктеп алынды. Олардың 825 (57,0%) қысылған жарықтар диагностикаланды, ал 623 (43,0%) науқаста қысылған жарық диагнозы дәлелденбеді. Бұл науқастарда жарықтар қайтадан кіретін және қайтадан кірмейтін жарықтар деп анықталды.
Нәтижелер. Троакарлы жарықпен 34 науқасқа ота жасалды. Стационарға түскен жалпы науқастар санының 2,34% және де жедел түрде ота жасаған науқастардың 4,93% құрайды.
Қорытынды. 4 адамда диаметрі 5 мм троакарларды қолданумен операция жасалған (3 жылдан 5 жылға дейін), сирек шарбы майының және жіңішке ішектің жартылай қысылуы (қабырғалық қысылу) - Рихтер жарығы анықталды. Операция барысында жарық қақпасы (іш қабырғасының ақауы) 5 мм троакармен тескеннен кейінгіге қарағанда айтарлықтай үлкен болып шықты. Троакар жарығының пайда болу жиілігі мен семіздік дәрежесі мен дене салмағының индексі арасында тікелей корреляция анықталды.
қысылған жарықтар, троакарлы жарықтар, Рихтер қысылуы
Жұмыстың мақсаты – балалар мен ересектердегі түрлі локализациядағы ісіктерді емдеу кезінде радиотолқынды хирургияны пайдаланудың тиімділігін көрсету.
Материалдар мен әдістер. Бет-жақ және басқа аймақтарда ісіктері және диспластикалық өзгерістері бар 599 науқасқа ем жүргізілді, 706 жаңа түзілім жойылды. Науқастың жасына, жаңа түзілімнің өлшемі мен орналасуына байланысты ем стационарда және амбулаториялық жағдайда жүргізілді.
Нәтижелер. Клиникалық диагноз бен морфологиялық зерттеудің нәтижелері 100% сәйкес келеді. Интраоперациялық асқынулар жоқ, операциядан кейінгі қалыпқа келу қысқа мерзімді қамтиды.
Қорытынды. Ісіктерді және диспластикалық процестерді емдеудегі радиотолқынды хирургия әдісінің тиімділігі жоғары әрі таңдау әдісі болып табылады.
ісіктер, жаңа түзілімдер, диспластикалық процестер, радиотолқынды хирургия, бет-жақ облысы RADIOwAVE SURGERY OF TUMORS AND
Барлығы 49 ота иық, жамбас және жіліншік сүйектерінің интармедулярлық остеосинтез блоктау әдісімен көптеген біріктірілген жарақаттары бар 47 науқасқа жасалынды. Сан сүйегінің периартикулярлық және диафиздік сынықтары басым болды және 18 науқаста (39%) анықталды, 9 (20%) иық сүйегінде зардап шеккендерде анықталды, 22 (47%) пациенттерде балтыр суйектерінің диафиздік сынықтары байқалды. Екі және үш сегменттердің бірнеше зақымдануы 6 (13%) науқастарда анықталды. Көлденең және қиғаш көлденең диафиздік сынықтарды тұрақтандыру кезінде бастапқы динамикалық блоктау қолданылды, ал сынған сынықтар кезінде сынықтарды статикалық блоктау орындалды. Отадан кейінгі кезеңде науқастардың 8-де (17%) асқынулар байқалды. Ұзақ мерзімді нәтижелер 39 пациентте 8 айдан 18 айға дейінгі мерзімде байқалды. 32 (68%) пациентте қолайлы анатомиялық-функционалдық нәтижелер анықталды.
түтік тәрізді сүйектер, емдеу, старший преподаватель кафедры травматологии Казахстанско-Российского медицинского университета, г. Алматы, Казахстан
Көкет жарығы бұл антенатальді кезеңде анықталатын туа біткен даму ақау. Көкет жарығы жиі кездесетін аурулар қатарына кіреді және бұл аурулар жиі кездейсоқ болғанымен, көкеттің туа біткен ақауы ретінде саналуы керек және жаңа туған нәрестенің өміріне қауіп төндіреді. Туа біткен көкет жарығы көкеттің травмалық жыртылумен сипатталады (Бохдалека, Морганья). Бұл ауру тек хирургиялық емделеді. Мұндай жағдайларда ауруға шалдыққан балаларға диагностика, ота алдындағы дайындық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасы бойынша кемінде екі тәулік жүргізілуі қажет. Хирургиялық ем гемодинамиканы тұрақтандырғаннан кейін жүргізіледі. Операцияға дейінгі және кейінгі кезеңде барлық балалар белсенді қарқынды терапияны қажет етеді. Бұл мақалада хирургиялық емдеудің негізгі сәттері көрсетілген. Туа біткен көкет жарығы бір ағза даму ақауы болғанымен, кейде бірнеше ағза біріктірілген патологиясы болуы мүмкін, мұндай науқастарды тұрақтандыру және одан әрі хирургиялық емдеу айтарлықтай өзгерістерге алып келеді. Көкет жарығы туа біткен ақау болуына қарамастан, кейде бұл ақауға бірнеше жүйе немесе ағзалардың туа біткен даму ақаулары қосарлануы мүмлін, науқас жағдайы тұрақтануы мен әрі қарай хирургиялық емінің біршама алға жылжуы байқалады. Заманауи шетелдік хирургия, эндоскопиялық хирургияға бет бұруда. Туа біткен көкет жарығы тақырыбындағы шетелдік мақалалар мен зерттеу деректері бізге антенатальды диагностика мен емдеудің мүмкін әдістерінің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
туа біткен көкет жарықтары, жаңа туған нәрестелер, көкет жарықтары типтері, неонаталогиялық хирургия, диагностика CONGENITAL DIAPHRAGMATIC HERNIA IN NEwBORNS Ashirbay k.S, khayirov k.E
Инсульт дүние жүзінде өлімнің екінші себебі және мүгедектіктің үшінші себебі болып табылады. Бұл әдебиет шолуында ишемиялық инсульттің алдын алудың қауіп факторлары мен диагностикалық аспектілері сипатталған. Ұйқы артериаясының стенозы және окклюзиясы ишемиялық инсульттің емделуге болатын себебі болып табылады, оны брахиоцефалиялық артерияларды дуплексті сканерлеу арқылы анықтауға болады. Ишемиялық инсульттің алдын алу шараларының төмен тиімділігінің себептері клиникалық болжамға әсер ететін қауіп факторлары бойынша анамнездің толық жиналмауы, жалпы тәжірибелік дәрігерлердің заманауи диагностикалық әдістерді аз қолдануы болып табылады.
ұйқы артериясының стенозы, экстракраниалды ұйқы артериясы, ишемиялық инсульт, ми қанайналымының жедел бұзылысы, диагностикасы
Мақсаты. Клиникалық тәжірбиеде жедел панкератиттің диагностикасы мен емінің заманауи әдістерін саралау.2002-2022 жылдар аралығындағы PubMed электрондық дерекқорының шетелдік рандомизацияланған клиникалық зерттеулері мен мета-талдауларына, халықаралық клиникалық ұсыныстарына әдебиет шолуы жүргізілді. Олардың ішінен шолу тақырыбына арналған 28 өзекті мақала таңдалды.
Қорытынды. Осылайша, бір әдісті немесе бір шкаланы қолдана отырып, ауруханаға түскен алғашқы сағаттарда жедел панкреатиттің ауырлығын болжау мүмкін емес. Бүгінгі күнге дейін жедел панкреатитті емдеу Халықаралық панкреатология қауымдастығы (IAP) және Американдық ұйқы безі қауымдастығы (APA) әзірлеген соңғы халықаралық нұсқауларға негізделген. Осы нұсқаулықтың негізінде жедел панкреатитті диагностикалау, ем жүргізу қажет және әлі де жедел панкреатиттің хирургиялық емінде бірқатар рандомизацияланған ауқымды зерттеулер керек деп есептейміз.
жедел панкреатит, панкреонекроз, ұйқы безі, Атлант классификациясы
Дәрімен шақырылған бауырдың зақымдануы – бұл гепатотоксикалық әсерінің нәтижесінде пайда болатын дәрілік препараттардың жағымсыз реакциялардың бір түрі. Дәрімен шақырылған аутоиммунды гепатиттің патогенезінде дәрілік зат метаболиттерінің реакциясының нәтижесі болып табылатын Р450 цитохромы жүйесінің ақуыздары- неоантигендерге аутоантиденелердің өндірілуіне негізделген. Дәрімен индуцирленген бауырдың зақымдануы, жыл сайын 1-1,5 миллион пациенттерді қамтитын клиникалық маңызды мәселе. Бауырдың дәрі салдарынан зақымдалуының жыл сайынғы жиілігі Еуропадағы популяциялық зерттеулерде 100 000 халыққа шаққанда 2,3-13,9 санын құрайды. Исландия бойынша популяциялық зерттеу жылына 100 000 халыққа шаққанда ең жоғарғы көрсеткіш - 19,1 көрсетті. Ал АҚШ популяциясына негізделген жалғыз зерттеуде «бауырдың дәрі салдарынан зақымдалуы» шамамен 100 000 халыққа 3 көрсеткішін құрайтыны анықталды. Жедел гепатит бүгінгі таңда,дәрінің салдарынан,бауырдың зақымдалуының 90%-н құрайтындығының айқын көрінісі болып табылады. Зерттеулерге сәйкес, бауырдың дәрі салдарынан зақымдалуы 2,9-8,8% және аутоиммунды гепатит 2-18%, дәрілік аутоиммунды гепатитпен байланысты. Бауырдың дәрі әсерінен зақымдалуы антиденелердің болуының (ядролық антигенге, тегіс бұлшық етке және бауырдың еритін антигеніне) жиілігі аутоиммундық гепатитке 83%, нитрофурантоинға 74%, моноциклинге 60%, метилдопаға 43% және гидразалинге 43% құрайды.
дәрімен шақырылған бауырдың зақымдануы, клиникалық жағдай, RUCAM, дәрімен шақырылған аутоиммунды гепатит
© Bulletin of Surgery of Kazakhstan
All rights reserved.
Republic of Kazakhstan
Email: editor@bsk.kz