5. Бүйрек тастары кезінде емдеудің кіші инвазивті әдістерінің тиімділігіне салыстырмалы талдау жүргізу
Жүктеулер
Аңдатпа
Несеп-тас ауруы әлемдегі денсаулық сақтаудың өзекті мәселесі болып табылады, өйткені ең көп таралған аурулардың бірі болып табылады. Сондықтан нефролитиазы бар науқастарды емдеудің тиімділігі мен қауіпсіздігін арт-тыратын факторларды зерттеу урологияның маңызды міндеті болып табылады. Бұл мақалада нефролитиаз кезіндегі ретроградты пиелолитотрипсия (РПЛ) және перкутанды нефролитотрипсия (ПНЛТ) сияқты кіші инвазивті әдістер тиімділігінің салыстырмалы талдауы келтірілген.
Зерттеудің мақсаты. Бүйрек тастары кезінде емдеудің кіші инвазивті әдістерінің тиімділігіне салыстырмалы бағалау жүргізу.
Материалдар мен әдістер. Зерттеу барысында біз бүйрек та-стары бар 109 науқасты іріктеп алдық, олар 2017-2018 жылдар аралығында Урология ғылыми орталығында жатқызылды. Оның ішінде 54 (49,5%) ерлер және 55 (50,5%) әйелдер болған.
Қорытынды: бүйрек тастары бар пациенттерді ем-деу нәтижелеріне жүргізілген салыстырмалы талдау ретроградты пиелолитотрипсия (РПЛ) өзінің тиімділігі бойынша перкутанды пиелолитотрипсиядан (ПНЛТ) кем түспейтінін көрсетті. Ота кезіндегі және отадан кейінгі асқынулардың пайызы ПНЛТ әдісі кезінде РПЛ әдісіне қарағанда жоғары. ПНЛТ тиімділігі отадан кейін бірден 76,5% – ды, РПЛ-78,8% - ды құрады. 1 айдан кейін тиімділік тиісінше 82,8% және 88,1% құрады. ПНЛТ отасынан кейін шумақтық сүзу жылдамдығының айтарлықтай төмендеуі анықталады, бұл РПЛ әдісінде байқалмайды. Хирургиялық емдеуді жақсарту несеп-тас аурумен (НТА) ауыратын халықтың өмір сүру сапасын жақсартады, халықтың аурушаңдығы мен мүгедектілігін азайтады, ауруханада болу және оңалту ұзақтығын қысқартады. Түйін сөздер РПЛ, ПНЛТ, нефролитиаз.
Кілт сөздер
РПЛ, ПНЛТ
Әдебиеттер тізімі
- Alchinbaev M.K., Mukhamedzhan I.T., Aubakirova A.T., Dakenova G.B. Analysis of the state of the uro-logical service of the Republic of Kazakhstan // Ana-lytical review for 2016 (sixth edition) // Almaty, 2017 - 18-19 pp
- Apolikhin O. I., Sivkov A. V., Moskaleva N. G., Solnt-seva T. V., Komarova V. A. // Analysis of the urone-phrological morbidity and mortality in the Russian Federation over a ten-year period (2002-2012) ac-cording to official statistics // Experimental and clini-cal urology.
- Statistical compilation 2017 // Incidence of the adult population of Russia in 2017 // statistical materials, part III // Table 3.68. - p.
- Brener Z.Z. // Nephrolithiasis: evaluation and man-agement // South Med. J.
- Fisang C., Anding R., Müller S.C, Latz S., Laube N. // Urolithiasis an interdisciplinary diagnostic, thera-peutic and secondary preventive challenge. // Dtsch Arztebl Int. 2015; 112 (6):83-91. doi:10.3238/arz-tebl.2015.0083
- Knoll T. Epidemiology, Pathogenesis, and Pathophys-iology of Urolithiasis. Eur Urol 2010;9:802-6. doi:10.1016/j.eursup.2010.11.006
- Yanenko E.K., Merinov D.S., Konstantinova O.V., Epishov V.A., Kalinichenko D.N. // Current trends in epidemiology, diagnosis and treatment of uroli-thiasis. // Experimental and Clinical Urology 2012; 3: 19–24
- Davidov M.I., Dremin E.I., Nikonova O.E., Gushchina T.S. // Epidemiology of urolithiasis in the Perm re-gion: results of a 30-year study // Experimental and Clinical Urology 2019; No. 3: pp. 4–10