3. Қарыншалық перде ақауын түзетудегі стернотомия мен торакоскопия әдістерін салыстыру: бір орталықтың тәжірбиесі

Авторлар

  • И.И. Мұхамедов Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы, Тараз қ., Қазақстан, Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ–Түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан
  • С.Ж. Жошыбаев Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы, Тараз қ., Қазақстан
  • С.Т. Энгиноев Федералдық жүрек-қан тамырлары хирургиясы орталығы, Астрахань қ., Ресей, Астрахань мемлекеттік медицина университеті, Астрахань қ., Ресей

DOI:

https://doi.org/10.35805/BSK2023III003

Жүктеулер

Аңдатпа

Жұмыстың мақсаты - қарыншалық перде ақауларын қалпына келтіретін науқастардағы торакоскопияның тікелей нәтижелерін орта стернотомиямен саРесейлыстыру. Материал мен әдістері. Біз 2012-2021 жылдар аралығында Тараз қаласындағы кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында ота жасалған қарыншалық перде ақау диагнозымен 59 науқасқа талдау жасадық. Барлық емделушілер екі топқа бөлінді: 1-топқа торакоскопиялық қолжетімділікті пайдаланған пациенттер (n=27), 2-топқа толық орта стернотомия әдісін қолданған пациенттер (n=32).

Нәтижелер. Операциядан кейінгі кезеңде және стационар ішілік өлім-жітімсіз асқынулар бойынша статистикалық маңызды айырмашылықтар болған жоқ. Операцияның ұзақтығы мен кардиопульмональды шунттау ұзақтығы торакоскопиялық топта стернотомия тобына қарағанда ұзағырақ болды. Операция кезінде және одан кейінгі қан жоғалту стернотомия тобына қарағанда торакоскопиялық топта төмен болды. Демек торакоскопиялық топта стернотомия тобына қарағанда аз қан және плазма азырақ құйылды. Реанимация бөлімінде болу ұзақтығы, өкпенің жасанды вентиляциясына кеткен уақыт, операциядан кейінгі төсек күндері, анальгетиктерді қолдану стернотомия тобына қарағанда торакоскопиялық топта статистикалық төмен болды. Айта кету керек, торакоскопия тобындағы науқастарда тері шрамы ұзындығы екінші топқа қарағанда айтарлықтай кіші болды.

Қорытынды. Хирургиялық асқынулардың қаупін арттырмайтын тиімді және төмен травматикалық әдіс ретінде қарыншалық перде ақау түзетудің торакоскопиялық әдісі қолданылады. Бұл әдісті күнделікті қолдану пациенттердің үлкен үлгісін зерттеуді талап етеді.

Кілт сөздер

минималды инвазивті жүрек хирургиясы, торакоскопия, қарыншалық перде ақауы, жүрек-өкпе қан айдау аппараты, заведующий отделением кардиохирургии №1

Әдебиеттер тізімі

  1. Nakamura, Hiroto. Congenital Heart Defects : Etiology, Diagnosis and Treatment. Edited by Hiroto Nakamura. New York: Nova Biomedical Books, 2009
  2. Lillehei, C. Walton. “Controlled Cross Circulation for Direct-Vision Intracardiac Surgery: Correction of Ventricular Septal Defects, Atrioventricularis Communis, and Tetralogy of Fallot.” Postgraduate medicine 17, no. 5 (1955): 388–396
  3. Bergmann, M., C. P. Germann, J. Nordmeyer, B. Peters, F. Berger, and S. Schubert. “Short- and Long-Term Outcome After Interventional VSD Closure: A Single-Center Experience in Pediatric and Adult Patients.” Pediatric cardiology 42, no. 1 (2021): 78–88
  4. Mirzai, Saeid, Narutoshi Hibino, Gianluca Torregrossa, and Husam H. Balkhy. “Adult Ventricular Septal Defect Repair Using a Robotic Totally Endoscopic Approach: A Case Report.” Innovations (Philadelphia, Pa.) 15, no. 4 (2020): 372–375
  5. Fang, Ningning, Bingbing Ma, Kai Liu, Yuedong Hou, and Zengshan Ma. “Feasibility and Safety of Ultra-Fast Track Anesthesia for Totally Thoracoscopic Closure of Ventricular Septal Defect: A Randomized Controlled Trial.” Heliyon 9, no. 5 (2023): e15741–e15741
  6. Tan, Tong, Haozhong Liu, Jianrui Ma, Jian Liu, Haiyun Yuan, and Huiming Guo. “Case Report: Total Thoracoscopic Repair of Sinus of Valsalva Aneurysm Combined with Ventricular Septal Defect.” Frontiers in cardiovascular medicine 9 (2022)
  7. Duong, Duc Hung, and Quoc Dat Pham. “Closure of Subarterial Ventricular Septal Defect with Minimally Invasive Surgical Technique: A Case Report.” International journal of surgery case reports 58 (2019): 142–144
  8. Zhou, Kan, Liang Yang, Biao‐Chuan He, Ying‐Jie Ke, Yan‐Chen Yang, Qian Yan, Ze‐Rui Chen, and Huan‐Lei Huang. “Total Thoracoscopic Repair of Ventricular Septal Defect: A Single‐center Experience.” Journal of cardiac surgery 36, no. 7 (2021): 2213–2218.
  9. Dang, Huy Q., Huong T.Le. “Totally Endoscopic Ventricular Septal Defect Repair Using Bilateral Femoral Arterial Cannulation in an 8-Year-Old Girl.” International journal of surgery case reports 55 (2019): 4–6
  10. Liu, Huagang, Zhiwei Wang, Jun Xia, Rui Hu, Zhiyong Wu, Xiaoping Hu, and Wei Ren. “Evaluation of Different Minimally Invasive Techniques in Surgical Treatment for Ventricular Septal Defect.” Heart, lung & circulation 27, no. 3 (2018): 365–370
  11. Mukhamedov I.I., Joshibayev S. “Results of thoracoscopic correction of atrial septal defects with cardiopulmonary bypass.” Medical News of North Caucasus 15, no. 4. (2020): 509-512

Жарияланды

2023-08-10

Журналдың саны

Бөлім

Статьи