2. Туыстық трансплантация кезінде бауырдың КТ-волюметриясын оңтайландыру әдісі
DOI:
https://doi.org/10.35805/BSK2023III002Жүктеулер
Аңдатпа
Компьютерлік-томографиялық волюметрия – бауыр көлемін операция алдында бағалауға арналған стандартты әдіс. Түрлі бағдарламалық жасақтамалардың дамуына қарамастан, трансплантаттың интраоперациялық салмағы мен бауыр көлемін есептеудің кез-келген әдістерімен салыстырғанда сәйкессіздік тенденциясы сақталып отыр. Зерттеудің мақсаты – донор бауырының КТ-волюметриясы мануальды әдісін оңтайландыру, оның нақтылығын анықтау және стандартты әдіспен салыстыру.
Материалдар мен әдістері. 2018-2022 жж. аралығында А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында бауыр трансплантациясы және КТ-волюметрия, Компьютерлік томографиядан өткен 60 бауыр донорының мәліметтерін қамтитын бір орталықтық проспективтік зерттеу.
Нәтижелері. Cтандартты әдіс арқылы есептелген бауырдың оң жақ үлесінің көлемі мен графт массасы аралығындағы Пирсон корреляциясы 0.730 (p<0.01) құрады, оңтайландырылған әдіс (-10 HU) арқылы есептелген бауыр көлемі мен графтың арасындағы Пирсон корреляциясы 0.757 (p<0.01), ал оңтайландырылған әдіс (-20 HU) арасындағы корреляция (p<0.01) құрады. Оңтайландырылған әдістің (-20 HU) Пирсон корреляциясының коэффициенті стандартты мануальды әдіс корреляциясының коэффициентіне қарағанда статистикалық тұрғыдан жоғары (p=0.026), оңтайландырылған әдіс (-10 HU) пен стандартты әдіс корреляциясының коэффициенттері арасындағы айырмашылық статистикалық тұрғыдан елеусіз (p=0.375). Оңтайландырылған әдістің айырмашылық дәрежесі 8,4%-ды, ал мануальды әдістің алшақтық дәрежесі 12,7%-ды құрады. Стандартты мануальды және оңтайландырылған әдістің (-20 HU) айырмашылық дәрежелері арасында статистикалық тұрғыдан маңызды айырмашылық байқалады (p=0.029).
Қорытынды. Бауырдың тығыздық шегін 20 HU-ға азайта отырып КТ волюметрияның мануальды әдісін оңтайландыру графт салмағы мен корреляциясының статистикалық жоғары коэффициентін көрсетті, сондай-ақ алшақтық дәрежесін едәуір төмендетті.
Кілт сөздер
Компьютерлік томография, КТ-волюметрия, бауыр трансплантациясы, бауыр доноры, оңтайландыру
Әдебиеттер тізімі
- Hagen F, Mair A, Bösmüller H, Horger M. orrelation between liver volume and liver weight in a cohort with chronic liver disease: a semiautomated CT-volumetry study. Quant Imaging Med Surg. 2022 Jan;12(1):376-383. doi:10.21037/qims-21-299
- Koitka S, Gudlin P, Theysohn JM, Oezcelik A, Hoyer DP, Dayangac M, Hosch R, Haubold J, Flaschel N, Nensa F, Malamutmann E. Fully automated preoperative liver volumetry incorporating the anatomical location of the central hepatic vein. Sci Rep. 2022 Oct 1;12(1):16479. doi:10.1038/s41598-022-20778-4
- Park R, Lee S, Sung Y, Yoon J, Suk HI, Kim H, Choi S. ccuracy and Efficiency of Right-Lobe Graft Weight Estimation Using Deep-Learning-Assisted CT Volumetry for Living-Donor Liver Transplantation. Diagnostics (Basel). 2022 Feb 25;12(3):590. doi:10.3390/diagnostics12030590
- Baimakhanov Z, Kaniev S, Doskhanov M, Sadykov C, Serikuly E, Skakbayev A, Ilyassova B, Baiguissova D, Seisembaev M, Chormanov A, Baimakhanov B. Evolution of Liver Transplantation in Kazakhstan: Two-Era Experience of a Single Center, the First Report. Transplant Proc. 2019 Dec;51(10):3360-3363. doi:10.1016/j.transproceed.2019.07.023
- Heymsfield SB, Fulenwider T, Nordlinger B, Barlow R, Sones P, Kutner M. Accurate measurement of liver, kidney, and spleen volume and mass by computerized axial tomography. Ann Intern Med. 1979 Feb;90(2):185-7. doi:10.7326/0003-4819-90-2-185
- Kalshabay Y, Zholdybay Z, Di Martino M, Medeubekov U, Baiguissova D, Ainakulova A, Doskhanov M, Baimakhanov B. CT volume analysis in living donor liver transplantation: accuracy of three different approaches. Insights Imaging. 2023 May 15;14(1):82. doi:10.1186/s13244-023-01431-8
- Martel G, Cieslak KP, Huang R, van Lienden KP, Wiggers JK, Belblidia A, Dagenais M, Lapointe R, van Gulik TM, Vandenbroucke-Menu F. Comparison of techniques for volumetric analysis of the future liver remnant: implications for major hepatic resections. HPB (Oxford). 2015 Dec;17(12):1051-7. doi:10.1111/hpb.12480