8. Бауыр трансплантациясынан кейінгі балалардағы цитомегаловирустық инфекцияның иммунологиялық аспектілері

Авторлар

  • N.Zh. Yerimova
  • B.K. Shirtaev
  • B.B. Baimakhanov
  • A.T. Chormanov
  • М.М. Sundetov
  • D.R. Kurbanov
  • K.U. Khalykov
  • D. A. Kokimbayev
  • B.A. Alkhanov

Жүктеулер

Аңдатпа

ЦМВ инфекция ересек науқастар арасында да, бауыр трансплантациясынан кейінгі балалар арасында да жиі кездесетін жұқпалы асқынулардың бірі болып табылады. Біздің тәжірибеміз профилактикалық терапияны тағайындау ЦМВ инфекцияның жанама әсерлерінің жиілігін төмендетуге, сондай - ақ трансплантациядан кейін пациенттердің өмір сүру деңгейін жақсартуға әкелгенін көрсетеді. Бұл мақалада ЦМВ инфекция мен иммуносу-прессия кезіндегі иммунологиялық өзгерістер егжей-тегжейлі қаралған.

Кілт сөздер

Цитомегаловирус, иммуносупрессия, антиденелер, валганцикловир, бауыр трансплантациясы

Жарияланды

2021-08-20

Журналдың саны

Бөлім

Статьи