1. Тірі туыстық және мәйіттік донордан бүйрек трансплантациясынан кейінгі трансплантаттың өмір сүру деңгейі
Жүктеулер
Аңдатпа
Өзектілігі. Бүйрек трансплантациясы-бүйрек ауруының терминалдық сатысын емдеудің ең тиімді және алдыңғы қатарлы әдістерінің бірі. Трансплантацияны жүргізудің, операциядан кейінгі жүргізу мен иммуносупрессия хатта-маларын жетілдіру мен оңтайландырудың орасан зор тәжірибесіне қарамастан, сайып келгенде осының барлығы донорлық бүйрекке мұқтаждар санының өсуіне және «күту парағының»өсуіне алып келді. Тек 2021 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасында бүйрек трансплантациясын 3114 адам жүргізу қажет болды, оның ішінде 3017 ересек адам және 97 бала [2]. Осы мәліметтерге сүйене отырып, бүйрек трансплантациясының жоғары қажеттілігін анықтауға болады. Уақыт өте келе мәйіттің ағзаларының жетіспеушілігі ағзаларды жиі қолдануға әкелді тірі до-норлардан алынған. Осы зерттеудің мақсаты - мәйіттік және тірі бүйрек донорларынан реципиенттерде бүйрек трансплантатының өмір сүруін анықтау болып табылады. 2018 жылғы статистикаға сүйенсек, бүкіл әлемде бүйрек трансплантациясы бойынша 140 мыңнан астам операция жасалды, оның ішінде 95 479 бүйрек трансплантациясы: оның ішінде 34 549 (36%) пациент тірі донорлардан және 60 718 (64%) пациент кадавер донорынан болды. Бүйрек трансплантациясы-бүгінгі таңда трансплантологиядағы ең көп таралған операция [3]. Жыл сайын бүйрек трансплан-тациясына деген қажеттілік шамамен 2,5-3% - ға артады және бұл өсу бүкіл әлемге тән.
Кілт сөздер
бүйрек трансплантациясы, трансплантаттың дисфункциясы, туыс донор, бүйрек кадавері
Әдебиеттер тізімі
- Karime Osorio-Arango 1, Mauricio Beltrán-Durán, Yazmín Arias-Murillo, Franklyn Prieto, Adriana Ro-bayo-[Survival in renal transplant recipients in Co-lombia, 2008-2012]. 2017
- Department of Surgery, National Taiwan University Hospital and National Taiwan University College of Medicine, Taipei, Taiwan. Prognostic factors for renal transplant graft survival in a retrospective cohort of 1000 cases: The role of desensitization therapy 2020 Apr;119(4):829-837
- Department of Immunology, Transplantology and In-ternal Diseases, Medical University of Warsaw, War-saw, Poland. Long-term outcome of renal transplan-tation: a 10-year follow-up of 765 recipients 2019 Aug 29;129(7-8):476-483
- Ted Rogers Centre for Heart Research, Multi-Organ Transplant Program, Toronto General Hospital, Uni-versity Health Network, Toronto, Ontario, Canada; Risk Factors for 1-Year Graft Loss After Kidney Trans-plantation: Systematic Review and Meta-Analysis 2019 Nov 7;14(11):1642-1650