Ж. О. Оралбекова
https://orcid.org/0009-0003-0340-3120
Табылған мақалалар: 1
-
Бауырдың алкогольсіз майлы ауруларының үдерістерінің ерекшеліктері 2 типті қант диабеті және глюкозаға төзімділіктің бұзылуы (Шығарылым № 2, 2024)
М. С. Бекбосынова, Г. Ш. Мырзахметова, Ш. К. Сейткасым, А.И. Сайлыбаева, С.Р. Хамитов, Ж. О. Оралбекова, Г. Д. Даниярова2024-06-2839–49Аңдатпа
Өзектілігі. Бауырдың алкогольсіз майлы ауруы және 2 типті қант диабеті немесе глюкозаға төзімділіктің бұзылуы -бұл жүрек-қан тамырларыауруларының даму қаупі жоғары жалпы аурулар, мүгедектік пен өлімніңнегізгі себебі. Біздің мақсатымыз-жоғарыда аталған аурула диагнозы қойылған бар науқастарда жүрек қан тамыр ауруларының скринингінің, алдын алудың және емдеудің жаңа әдістерін әзірлеу.
Методология және әдістеме. Бұл зерттеу бір орталықты, ашық, бақыланбайтын, диагностикалық болып табылады. 2023-2024 жылғы ақпан аралығында "University Medical Center" корпоративтік қорының жүрек орталығында жүрек-қан тамырлары аурулары және бауырдың алкогольсіз майлы ауруы, 2 типті қант диабеті және глюкозаға төзімділік бұзылыстары бар 216 пациент іріктелді.
Нәтиже. Жүрек-қан тамырлары аурулары және бауырдың алкогольсіз майлы аурулары бар барлық тексерілген науқастарда бауыр ферменттерінің белсенділігі жоғарылаған. Қандағы липидті профиль көрсеткіштері жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастар үшін оңтайлы деңгейден едәуір жоғары болды. Сондай-ақ, 2 типті қант диабетімен және глюкозаға төзімділіктің бұзылуымен бірге жүрек-қан тамырлары аурулары мен алкогольсіз майлы бауыр аурулары бар науқастарда бауыр ферменттерінің, С-реактивті ақуыздың, триглицеридтердің және кіші липопротеин деңгейінің айтарлықтай жоғарылауы байқалды.
Қортынды. Зерттеу көрсеткендей, алкогольсіз майлы бауыр ауруы, 2 типті қант диабеті және глюкозаға төзімділігі бұзылған науқастарда стеатогепатит пен фиброздың жоғарылауы байқалады, бұл ерлерде де, әйелдерде де жүрек-қан тамырлары асқынуларының дамуын болжауы мүмкін. Бауыр ферменттерінің белсенділігі, С-реактивті ақуыз, глюкоза және липидті профильді талдау жүрек-қан тамырлары аурулары және алкогольсіз майлы бауыр аурулары бар емделушілерде, әсіресе 2 типті қант диабеті және глюкозаға төзімділіктің бұзылуы кезінде бұл көрсеткіштердің айтарлықтай жоғарылағанын көрсетті.. Барлық тексерілген емделушілерде бауыр ферменттерінің белсенділігі мен липидтер деңгейінің жоғарылауы байқалды, бұл осы аурулардың бауыр мен метаболизмге әсерін көрсетеді.
Кілт сөздер
Бауырдың алкогольсіз майлы ауруы, 2 Типті қант диабеті, Глюкозаға төзімділігі, Жүрек-Қан тамырлары аурулары, метаболикалық синдром