М.А. Сейсембаев

https://orcid.org/0000-0002-6964-0685

Табылған мақалалар: 1

  • Өт жолдарының тарылуы кезіндегі лапароскопиялық гепатикоеюностомоздың алғашқы тәжірибесі (Шығарылым № 2, 2024)

    М.О. Досханов, А.А. Хаджиева, Б.Б.. Баймаханов, Ш.А. Каниев, М.А. Сейсембаев, Ж.Р. Оспан, Ш.М. Теипов
    2024-06-28
    50–60
    Аңдатпа

    Өзектілігі. Өт жолдарының зақымдануы - хирургиялық ота кезінде түтіктерді дұрыс анықтамау, дұрыс емес кесу немесе термиялық әсер ету сияқты дұрыс емес манипуляция нәтижесінде пайда болатын жоғары сырқаттанушылық пен өліммен сипатталатын өмірге қауіп төндіретін жағдай. Зерттеудің мақсаты-холецистэктомиядан кейінгі өт жолдарының зақымдануы бар науқастарда лапароскопиялық гепатикоеюноанастомозды қолданудың тиімділігін зерттеу және оны дәстүрлі ашық әдіспен салыстыру.

    Материал және әдістер. 2017-2023 жж. өт жолдарының зақымдануы бар науқастарда лапароскопиялық және ашық салынғаг гепатикоеюанастомозының нәтижелеріне ретроспективті талдау жүргізілді.

    Нәтижелер. 28 науқасқа лапароскопиялық ота жасалды, ашық әдіспен – 57 науқас. Сыртқы өт жыланкөзінің болуында, анастомоз диаметрінің мөлшерінде, операцияның ұзақтығында, операциядан кейінгі асқынуларда, операциядан кейінгі кезеңде статистикалық маңызды айырмашылықтар байқалды. Интраоперациялық асқынулардың жиілігінде елеулі айырмашылықтар болған жоқ.

    Қорытынды. Страсберг Е1 - Е2 классификациясы бойынша өт жолдарының тарылуын емдеудегі лапароскопиялық тәсіл қауіпсіз және тиімді екенін айқын көрсетіп отыр.

    Кілт сөздер

    Өт жолдарының зақымдануы, холецистэктомия, лапароскопиялық гепатикоеюностомия, гепатикоеюноанастомоз