2. Жедел деструктивті панкреатитті хирургиялық емдеуді оңтайландыру

Авторлар

  • С.К. Кожахметов г. Алматы, Казахстан ³ «ГКП на ПХВ ГМБ №2» г. Нур-Султан, Казахстан
  • К.Р. Рустемова г. Алматы, Казахстан ³ «ГКП на ПХВ ГМБ №2» г. Нур-Султан, Казахстан
  • Н.С. Игисинов г. Алматы, Казахстан ³ «ГКП на ПХВ ГМБ №2» г. Нур-Султан, Казахстан
  • О.К. Акышев г. Алматы, Казахстан ³ «ГКП на ПХВ ГМБ №2» г. Нур-Султан, Казахстан
  • А.У. Исматов г. Алматы, Казахстан ³ «ГКП на ПХВ ГМБ №2» г. Нур-Султан, Казахстан
  • И.Е. Сагатов г. Алматы, Казахстан ³ «ГКП на ПХВ ГМБ №2» г. Нур-Султан, Казахстан
  • Б.А. Айтмолдин г. Алматы, Казахстан ³ «ГКП на ПХВ ГМБ №2» г. Нур-Султан, Казахстан
  • Ж.Г. Жалгасбаев г. Алматы, Казахстан ³ «ГКП на ПХВ ГМБ №2» г. Нур-Султан, Казахстан

Жүктеулер

Аңдатпа

Мақсаты. Жедел деструктивті панкреатитпен ауыратын науқастарды емдеудің эндовидеохирургиялық әдісінің нәтижелерін жақсарту.

Материал және әдістер. Зерттеулер ҚР «№1 қалалық ауруханасы» ШЖҚ ММК базасында және ҚР «Нұр-Сұлтан қаласының №2 қалалық ауруханасы» ШЖҚ ММК базасында жүргізілді. Нәтижелерді статистикалық талдау вариациялық статистика әдістерін қолдану арқылы M±SD есептей отырып жүргізілді. Салыстыру топтарының арасындағы айырмашылықтар Уилкоксон-Ман-Уитни тестінің көмегімен талданды және p≤ 0.05 кезінде статистикалық маңызды деп саналды.2017-2021 жылдар аралығында әзірленген және енгізілген емдеу алгоритмі бойынша жедел деструктивті панкреатиті бар 64 науқас емделді. Олардың ішінде: орган жеткіліксіздігі және жергілікті және/немесе жүйелік асқынусыз ОП -10 адамЖП орташа және ауыр түрі – 54 адам. Өлімге әкелген жағдайлар-1. Ауруханада болған орташа ұзақтығы- 20,8±1,2 тәулік. Ерлер – 35 адам. (54,7%). әйелдер – 29 адам. (45,3%) . Орташа жасы 43±1,3 жасты құрады. Бақылау тобы- жедел деструктивті панкреатиті бар науқастарды улиностатинсіз емдеу – 122 науқас. Өлімге әкелген жағдайлар-8. Жедел деструктивті панкреатиті бар науқастарды кешенді емдеуде деструктивті панкреатит ағымының ауырлығына байланысты улиностатинді қолдану алгоритмі әзірленді және енгізілді. Әзірленген схемаға сәйкес улиностатинді тағайындаумен біріктірілген.

Нәтижелер. 10 науқасқа консервативті ем жүргізілді. 54 - хирургиялық емдеу әзірленген схема бойынша улиностатин тағайындаумен біріктірілді. 54 науқастың 51-іне эндоскопиялық операция жасалды; 3 науқасқа лапаротомия әдісімен операция жасалды. Басты топ бақылау топқа қарағанда ауруханадан 3,5±0,34 тәулікке ертерек жазылып шыққан

Қорытынды. Зерттеу нәтижелері протеаза тежегіші улиностатинді қолданумен бірге жедел панкреатитті эндовидеохирургиялық емдеу алгоритмінің жоғары тиімділігін көрсетті. 2021 жылғы 27 қаңтардағы АС № 14704 (www.kazpatent.kz) алынды.

Кілт сөздер

жедел деструктивті панкреатит, улиностатин, емдеудің эндовидеохирургиялық әдістері

Әдебиеттер тізімі

Жарияланды

2022-03-02

Журналдың саны

Бөлім

Статьи