Ш.А. Нарынбай

https://orcid.org/0009-0008-5849-7407

Табылған мақалалар: 1

  • Бауыр гемангиомасының диагностикасы мен заманауи емдеуәдістері (әдебиеттік шолу) (Шығарылым № 4, 2023)

    Б.Б. Баймаханов, Г. Орынғали, Ж.С. Суйіндік, А.К Кыдырбаева, Е.Е. Барахан, Д.С. Әбілқайыр, Ш.А. Нарынбай, А.М. Төлегенова, О.Т. Ибекенов,
    2023-12-22
    Аңдатпа

    Өзектілігі. Бауыр гемангиомасы - бауырдың қатерсіз ісіктерінің ішінде ең жиі кездесетін формасы. Басым көпшілігі асимптоматикалық түрде өтеді, әдетте скрининг барысында кездейсоқ анықталады. Бауырдың басқа да жергілікті патологияларынан ажырату үшін мұқият зерттеуді талап етеді, сондықтан төмендегі шолу жұмысында халықаралық тәжірбиедегі бауыр гемангиомасының диагностикасы мен емдеу барысындағы маңызды мәселелерге талдау жасадық. Клиникалық тәжірбиеде бауыр гемангиомасының диагностикасы мен емінің заманауи әдістерін саралау. Зерттеу

    Материалдар мен әдістері. Шолу жұмысында әдебиеттерді іздеу жұмыстары PubMed, Scopus, Web of Science, GoogleScholarship, Springer секілді библиографиялық және өзге де электронды медициналық мәліметтер базасындағы тек 2010 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың тамыз аралығында жарияланған ағылшын және орыс тілдеріндегі рандомизацияланған, мета-анализдерге, клиникалық зерттеулер мен халықаралық клиникалық ұсыныстарға, сирек клиникалық жағдайларға әдебиеттік шолу жүргізілді. Зерттеуге қосу критерийі: 1) мәліметтер базасында жарияланған толық мәтінді зерттеулер; 2) ағылшын немесе орыс тілдеріндегі зерттеулер; 3) соңғы 2010-2023 жылдары орындалған немесе жарияланған зерттеулер.

    Қорытынды. Бауырдың ең көп таралған қатерсіз ісігі болғандықтан, аутопсия кезінде бауыр гемангиомасының пайда болу жиілігі 0,4-тен 20% - ға дейін кездесіп отырады. Бауыр гемангиомаларының көпшілігі асимптомды түрде, көлемі кіші формалары араласуды қажет етпейді. Бауыр гемангиомасын ультрадыбыснемесе коп фазалық спиральды контрастты компьютер томограф көмегімен жеңіл диагноз қоюға болады. Хирургиялық резекцияға көрсеткіш ретінде іштегі прогрессивті ауыру сезімі және көлемі 5 см ден жоғары болуы болып табылады. Кей науқастарда минимальды симптоматикамен гиганттық гемангиомалар да кездеседі. Гиганттық гемангиомалар (>10см) көбінесе симтомдармен көрінеді және міндетті хирургиялық араласуды қажет етеді. Гемангиомаларды емдеуге қазіргі таңда жиі қолданылатын әдіс трансартериялық эмболизация, хирургиялық резекция. Бірақ бүгінгі күнге дейін симптоматикалық және/немесе үлкен гемангиомасы бар науқастарды емдеудің ең жақсы әдісі туралы консенсус жоқ.

    Кілт сөздер

    бауыр гемангиомасы, бауыр артерияларының эмболизациясы, қатерсіз ісік, радиожиілікті абляция