Д.П. Даулетбаев

https://orcid.org/0009-0005-2622-3637

Табылған мақалалар: 1

  • Қос қуысты эндотрахеальды түтікті қолданудың асқынулары және оларды емдеу (Шығарылым № 1, 2024)

    Т.К. Қуандықов, Ә.М. Жарасбаев, В.В. Мутагиров, Т.Ә. Сәбитов, А.Н. Нұржанов, Г.Т. Тәжімұрат, Б.Б. Бүркітбаев, Б.Е. Жеңіс, Е.Т. Тұрлыбек, С.Н. Шірінбай, А.О. Стыбай, Ж.Б. Бақытбек, Д.П. Даулетбаев
    2024-05-21
    46–55
    Аңдатпа

    46 жастағы әйелге, бойы 161 см және дене салмағы 75 кг, асқазан-ішек жолдарының тұтастығын қалпына келтіру үшін жасалған өңештің эндоскопиялық резекциясы кезінде (McKeown отасы) кеңірдектің мембраналық бөлігінің жыртылуы байқалды. Зақымдануды қос қуысты эндотрахеальды түтікті орнату нәтижесінде дамыған деп болжадық. Кеңірдектің жыртылуы 2 сағат ішінде бір өкпенің сол жақ жел детуінде байқалмады және отаның торакоскопиялық кезеңінде визуальды анықталды. Кеңірдектің жыртылған бөлігі қалпына келтірілді. Отадан кейінгі кезеңде науқасқа ларингеальды маска арқылы ұзартылған өкпе желдетуі қажет болды. Қарқынды емдеу бөлімінде кеңірдек тігісінің күйін, оның тығыздығын және трахеобронхиалды ағаштың (ТБА) санациясы үшін бірнеше рет фибробронхоскопия жасалды. Кеңірдектің жыртылуы сияқты өмірге қауіп төндіретін асқынуды қысқа уақыт ішінде диагностикалау мен мультидисциплинарлы тәсілмен емдеу науқастың жағдайын тұрақтандыруға және одан әрі асқынулардың дамуын болдырмауға мүмкіндік берді.

    Кілт сөздер

    кеңірдектің ятрогенді зақымдануы, қосқуысты эндотрахеальды түтік, кеңірдектің жыртылуын емдеу, механикалық өкпе желдетуі, ларингеальды маска, кеңірдек жарақаттарына арналған фибробронхоскопия